Атырауда туға арабша жазу жазғандар сотталды

/uploads/thumbnail/20250401121034801_big.webp

Арабша жазу жазылған Қазақстан туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желі арқылы таратқан 3 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтКнің  434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылар Н., А., Х.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

2025 жылғы 23 наурызда азаматшалар Н., А. және кәмелетке толмаған Х. Атырау қаласындағы мұз айдыны ғимаратында араб тіліндегі жазуы бар Қазақстан Республикасының туымен суретке түсіп, оны әлеуметтік желі арқылы таратып, ұсақ бұзақылық жасаған, - делінген жазбада.

Құқық бұзушылардың әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзуышылық туралы хаттамамен, фотосуретпен, баянатпен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не 5-тен 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

Н.-ға жауаптылығын ауырлататын мән-жайды ескере отырып (кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы), 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

А.-ға әкімшілік жаза ретінде 78 640 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Кәмелетке толмаған Х.-ның заңды өкіліне әкімшілік жаза ретінде 39 320 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар