Бүгін - композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Қазақтың біртуар перзенті - 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. Нұрғиса Тілендиев қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетінде өшпес із қалдырды. Көзі тірісінде халық әндері мен күйлерін оркестрмен орындаудың үлгісін жасаған.
Дәулескер күйші «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің негізін қалады. Күй құдіретін жүрекке жеткізген композитор 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық, 14 деректі-хроникалық фильмдерге музыка жазған. Артында өшпес із қалдырған дара тұлға осылай қазақ өнерін әлемге әйгілеп, есімі тарихта қалды.
Пікір қалдыру