Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне арналған ашық талқылау өтті.
Іс-шараны Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейтін ең ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі болып табылатын Gedeon Richter Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында ұйымдастырды. Жиын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазинова жүргізуімен өтті.
Кездесуде қоғам назарынан тыс қалып жүрген тақырыптар ашық талқыланды. Жоғары санатты акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы Айнұр Төлетова кең таралған гинекологиялық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, заманауи контрацепция әдістері және жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесінің маңызы туралы тың ақпараттарымен бөлісті.
Айнұр Төлетова баяндамасында жедел контрацепция препараты бедеулікке әкеліп соқтырады деген пікірге қатысты түсінік берді.
- "Жедел контрацепция препараттары ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер етпейді. Олардың әсер ету механизмі уақытша және репродуктивті жүйеге зиян келтірмейді. Бұл - ғылыми дәлелденген факт. Препараттар овуляцияны немесе ұрықтануды болдырмайды. Бірақ жүкті болған жағдайды үзбейді. Контрацепция – бұл денсаулыққа қауіп емес, керісінше, күрделі жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі", - дейді.
Ал "Гедеон Рихтер Қазақстан" компаниясының өкілі Динара Бірмағанбетова алдағы уақытта да әйелдер денсаулығына қатысты мәселелер ашық талқыланатынын айтты.
- Әйелдер денсаулығы тақырыбының ашық талқылана бастағанына қуаныштымыз. Әйелдер сенімді ақпаратқа қол жеткізіп, денсаулығына "Әйелдер денсаулығы тақырыбының ашық талқылана бастағанына қуаныштымыз. Әйелдер сенімді ақпаратқа қол жеткізіп, денсаулығына қатысты шешімдерді уақытылы қабылдай алуы өте маңызды", - деді компания өкілі.
Сондай-ақ жиынға белгілі қоғам қайраткерлері мен медиа тұлғалар қатысты. Олардың ішінде тележүргізуші, журналист және медиаменеджер, «Maryam» қорының негізін қалаушы Ләйлә Сұлтанқызы және «Жақсылық клубы» қайырымдылық қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева қатысып, түрлі қиын жағдайларға тап болған әйелдерге көмек көрсету тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Абдрашева, Айнұр Төлетова және Назым Жанғазинова Kazakhstan Women’s Health жобасының амбассадорлары болып тағайындалды.
Пікір қалдыру