Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің ұжымы студенттер үйінде тұратын студенттерге ауыз ашар жасады.
Күні бойы ауыз бекіткен студенттерге аранайы жайылған дастарханда дәстүрлі тағамдар, Наурыз көже, табиғи сусындар, құрғақ жемістер мен жаңғақтар, қой етінен, жылқы етінен жасалған тағамдар тарту етілді. 17 студенттер үйінде, 9 қабаттың әр бөлмесінде жайылған дастарханға 500 жуық студенттер ауызашар дастарханынан дәм алып, өз ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтып жатты. Факультет ұжымының берілген ауыз ашары достық әңгіме түрінде өтті.
Бұл игілікті істі басқа да факультеттердің ұстаздары осылай ауыз ашар берудің «эстафетасын» қабылдағандай болды. Рамазан уақытысындағы Наурыз айы бұл көрісу мен табысу мерекесі де. Бұрындары, қыс айларынанан аман есен шыққан қазақ ағайындылары бір бірімен сағынып құшақ жая көрісуді дәстүрге айналдырған, осы күні де бұл дәстүрді ұстанған ұстаздар қауымы келген қонақтарын құшақ жайып қарсы алып отырды.
Гүлжан Болатова,
Жалғас Иманалиев,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Пікір қалдыру