МКК-нің берген мәліметінше, бұл жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркелмей сауда-саттықпен немесе басқа да коммерциялық қызметтермен айналысатын тұлғалар туралы әңгіме болып отыр.
Комитет жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау бойынша салықтық әкімшілендіруді олардың қызметіне қарамастан үнемі жүргізіп отырады.
Мұндай салық міндеттемелерін орындау, мысалы, жүргізушілер, тамадалар, әншілер және тағы басқа азаматтар мен кәсіпкерлермен бірге жалпы негізде жүзеге асырылады, бұл салық салудың әділеттілік принципіне сәйкес келеді. Камеральды бақылау салық салуға жататын табыс алатын барлық тұлғаларға қатысты бірдей түрде жүргізіледі, - деп жауап берді МКК.
Пікір қалдыру