Қазақтың қысқаша тарихы(жалғасы)

/uploads/thumbnail/20170708155626583_small.jpg

(“Қазақ елі – 550 жыл” шығармашылық бәйгесіне)

(Жалғасы, басы мұна)

9) VII ғ. Иран елі мұсылмандыққа өтті және мұсылман әскері Закавказеге жетті, Хазар Қағанаты  ығысуға мәжбүр болды. Хазар Қағанаты мен Халифат шекарасы кәзіргі Кавказ жотасы болды (осы жерден Азов теңізіне дейін Хазар Қағанатында қалды, астанасы Амал қаласына көшірілді Кубан (Құман) өзені бойындағы Амал қаласына көшірілді (кәзіргі Ханская станциясы)). Хазар тайпалары негізінен орнында қалды, олар Азарбайжан халқын қалыптастыра бастады (Хажари немесе Хазари).

Закавказьедегі Қазақтар үшке бөлініп қалды: 1) Тбилици аймағындағы баскиім түсіне байланысты Қарапапах делінгендері мұсылмандыққа өтіп, Журзан (Грузин) мен Абхаз елдерін биледі (бір тобы XI ғ. Киев княздігіне қоныс аударып тарихта Черноклобуки деп жазылды, ал екінші тобы XII ғ. Орта Азияға оралып Қарақалпақ халқын қалыптастырды). 2) Қазақтардың мұсылман дінді екінші бөлігі, X ғ. астанасы Қазақ қаласы болған жеке мемлекет орнатты (көршілері Жидан патшалығы мен християн дінді Құмық халқы). Осы Қазақтар XII ғ. Дағыстан аумағына ығысып, ондағы католик дінді Авар Нуцальдігі орнына  мұсылман дінді Қазақ-Құмық хандығын орнатты. Дағыстан мен үлкен Кавказға Ислам дінін осы мұсылман Қазақтар жеткізген. Сталин саясаты Қазақ-Құмық атауын Қазықұмық деп, ал «Қазақ Құмықлары» атауын «Қайдақ Құмықлары» етіп өзгертіп қалыптастырды. 3) Қазақтардың ескі сенімдегі негізгі үшінші бөлігі Колхида жазығында отырды. X ғ. мұсылман Қазақтар мен осы Қазақтар арасында дінсіз Аландар (ұрпақтары Балқар, Қарашай мен Осетиндердің Дигор бөлігі) мен түбі араб Шемар християндары отырды. Шемарлардың сөзге жүйрігін Шешен (Чечен), тауды үңгіп үй салатынын  Үңгүш (Ингуш), аса айлалысын Әккі (Аккинцы) деген сол Қазақтар болар. Қазақтардың Қара теңіз жағында Ирон (осетиндердің Ирон бөлігі) мен Сыбандар отырған.

Закавказьелік Қазақ халқы Найман, Жалайыр, Қоңырат, Үйсүн, Арғын тайпаларынан құралғанын XIV ғ.  Литва Казактары жайлы дерек көрсетеді. Кавказ-Қаратеңіз аймағындағы Албан-Сыбан-Беріш-Шеркеш-Адай-Тама-Маңғы-Татар-Арыс-Сыйбөр тайпалары өздерін Қазақ демеген. Өйткені олар бұл аймаққа Құңзақ пен Қазақ атаулары жоқ замандарда орнықты. Сақ халқының Албан мен Сыбан тайпалары Сакалбан (Сакалиба) және Саксыбан (Шахсеван) делінген (кәзіргі Албания елі белгілі және Сван көлі Арменияда, Грузиядағы Сван ұлты мен Азарбайжандық  Шахсеван тобы).

Жүнді халқының арғы түбі Арыс халқынан болғандықтан, олардың жанама атауының бірі Арыс болғандай. Қырым аймағына орныққан осы Арыс халқы атауы гректер ықпалымен Аорс болып тарихқа енді (негізі Арын, Герай, Ошақ, Шек, Табан немесе кейін Арғын, Керей, Ошақты, Шекті, Табын деп аталған тайпалар тәрізді). Осы аймаққа кейінірек келген қазақтар ықпалымен Аорс атауы Орыс болып өзгерді, Үздерше (гуз) ол Урус болғандықтан тарихқа Рус атауымен енді.

Адай тайпасы атауы Оңтүстік Осетияда сақталған (Жужандар заманында келген). Тама тайпасы Византия деректерінде Тама тарха делінген патшалық орнатты (Тмутаракан княздігі). Қарапапах құрамындағы Көпүй тобында Маңғы мен Татар тайпалары болды, Татар тайпасы кәзіргі Татарлар, Маңғы тайпасы Ноғайлар және Қарақалпақтың басым бөлігі. Сыйбөр тайпасы Жужан атауымен Грузиндерді қалыптастырды, қалғаны Сиавур атауымен Армияндарға сіңген.

Құң халқының Ұлан-Құман-Қабар тайпалары Құңзақ атауы жоқ заманда Кавказға орныққандықтан Балқар-Қарашай-Құмық-Қабардан және Осетин ұлттарын қалыптастырды. Құңзақ атауы заманында Кавказға орныққан Абар тайпасы Құнзақ атауын сақтап қалды.

Сақ (Скиф) халқы себебімен Азов теңізі Саксы теңізі деп аталған, Сакс тайпалары (Герман, Гот) Европа халықтары қалыптасуында шешуші орын алды («Герман» атауы римше «нағыз», ал «Гот» атауы римше «жабайы» дегенді білдіреді). Қырымда  Сакс ауданы мен Скиф кургандары бар, онда өздерін Сақ дейтіндерде бар. Сақ халқының Үзік (Языг) тайпасы ұрпағы Гагауз ұлты (славяндардың түркіше сөйлейтін християн Үздерді жақтырмай «Кәкә Уз» деп атауынан). Сақ халқының Бұлғар тайпасынан Болгар мен Орыс халқы қалыптасты.

10) VII ғ. Шығыс Түркі Қағанаты Қытай Империясына бағынған, Түркіаш деп аталған олар көп ұзамай бостандық алып  Көк Түркі Қағанатын орнатты. Осы Түркі Ашина тобы VIII ғ. басында «Он Ақ түтін Қағанатында» басып алып Түргеш Қағанаты орнады, Түркіаш атауы қазақ тілі ықпалымен Түркіас болды. Олар мен Халифат арасында соғыстар болды, 732-ші жылы мұсылман әскері Қазақ даласынада енгені көрсетілген. Осылайша Түргеш Қағанатында Ислам діні орнықты. Ал 750-ші жылы Қытай әскері Ташкент қаласын алып, әкімді өлтірді, әкімнің баласы Халифтен көмек сұрады. Осы себепті және Тараздағы мұсылман гарнизонына көмектесуге Халиф әскер жіберді. Көмекке келген араб әскерімен күшейген Түргеш Қағанаты Қытай әскерін жеңді (Талас шайқасы). Осы жеңіс нәтижесімен Ислам діні Шыңжанғада орнықты. Келген мұсылман арабтар Дулат пен Албан тайпаларынан қыз алып Рамадан мен Нөкіс тайпаларын қалыптастырды. Осы асыл мұсылмандар ақылшысы болған Қазақтар бүкіл Қазақстан мен Сібір (Сыйбөр тайпасы атауынан) аймағына IX ғ. дейін Ислам дінін таратып үлгерді. Асылжік Мәлік әл-Қазақ (Селжук Малик ал-Гази) бастаған Қазақтар көрші Ақүз (Оғыз) халқына X ғ.  Ислам дінін орнықтырды. Ислам діні тек кәзіргі Маңғолия мен Қытай даласындағы Қазақтарға жетпеді, олар Алтын Орда заманына дейін ескі сенімде қалды.

Түркі Қағанатында билікке жақын тайпалар «Ақ түтіндер» деп, ал жалпы халық «Қара түтіндер» деп саналған, бұл Құң Империясынан келе жатқан дәстүр еді. Қарапайым тайпалар мен ұлттар Қаралық тобынан деп танылған, араб деректеріндегі осы «Қаралық» атауын Ресей Империясы мен Сталин саясаты Қарлық (Карлук) тайпасы деп бұрмалады. Ислам діні халықты «ақ» пен «қара» деп бөлуді жойды, Түркіас атауы «түрк» бөлігінсіз қысқаша «Ыс» болып орнықты, мемлекет Қазақ Қағанаты деп аталды (Қарлық Қағанаты және Қимақ Қағанаты деп көрсеткен Сталин тарихшылары). Осы мемлекеттің оңтүстік аймағы IX ғ. Қарақ Хандығы (Қарахханиды) және Газневи Патшалығы деп екіге бөлінген дейді. Осы Қимақ-Қарақ-Газ атаулары түпнұсқа жазбаларда «Қазақ» делінгенін олардың арабша жазылулары дәлелдейді. «Ақ түтінбіз» деп білген Шапыраш-Ыс-Дула тайпалары Ислам діні ықпалымен Құң халқынан екенін ұмытып, өздерін Үйсүн тобынан деп санап кетті (ежелгі «үйсүн жерінде» отырғандықтан, көршілері олардыда «үйсүндер» деп атағандықтан). Барлық Қазақ рулары таңбаларындағы аң-құс бейнесі Ислам діні талабымен жансыз бейнелерге ауысты (Руникалық жазбаларды түсінбеуіміз осы жайға байланысты). Ошақ және Шапыраш тайпалары «таз Қара» (Самұрық) таңбасын «Тұмарға» ауыстырды.

Негізгі күші Қырғы тайпасы болған VIII ғ. мемлекет Үйқыр Қағанаты деп аталды («Үйқыр» - «қырғы елі» мағынасында). Билеген Ашина Түркілері болар, олардың тірегі Қырғы тайпасы болғандықтан қытай жазбалары Қырғы елі депте көрсеткен. Үйқыр мен Қырғы бір тайпаны білдіретінін түсінбеу, Үйқыр Қағанатын IX ғ. Қырғыз Қағанаты ыдыратты дегізді. IX ғ. Үйқыр Қағанатын ыдыратқан Шибөраштық Елбөрі руы билеген Қыпшақ елі (Амур аймағынан келді). Қырғылардың  Шыңжан аймағына ығысқандары онда Үйқыр деп аталды, ол аймақта үйсүн мен үзік  тайпаларынан қалыптасқан Үзбектілді мұсылман халық отырған еді. Осы халық Үйқыр деп атаған қырғылар билікті өз қолдарына алды, «Үйқыр» олардың баршасына ортақ халықтық атауға айналды (салты мен тілі Үзбекке туыс Ұйғыр халқы осылай қалыптасты).

Қырғылардың Байкалға ығысқаны кейін Қырғыз деп аталды, олар Түркі Ашина ұрпағы Манастың бастауымен Алатауға келіп Қырғыз ұлтын қалыптастырды. Сібірге кеткен Қырғылардан Башқыр ұлты қалыптасқан болар (қазақ тайпаларыда бар құрамында). Хакас атауы «нағыз Ас», не болмаса жаман деген мағынадағы орыстық «кәкә Ас» тәрізді, демек олар Үйқыр Қағанатын билеген Түркі Ашина тобынан қалыптасқан халық.

11) Хазар Қағанаты билігі IX ғ. ортасында Еврей қызынан тараған Иудайзм дінді әулетке өтті. Мемлекетті еврейлік патша биледі, қаған оған толық тәуелді болды. Жалдамалы әскері Хорезмдік мұсылман Арслар  тайпасы болуы, Халифатпен бейбіт қатынас тудырды. Ресми «Хазар Қағанаты тарихы» түгелге жуық жалған екеніне Әл-Масудидің «Ширван мен Әл-Баб тарихы» дәлел. Бұл мемлекет Дағыстан мен Волга аймағында болмаған, астанасы Дербент қаласы емес және құрамына Батыс Қазақстан кірмеген (демек Батыс Қазақстан аймағын Оғыздар (Ақүз) мекендегені жалған). Маңғыстау аймағында Ұлан (Алан) тайпасының Аққойлы мен Қарақойлы рулары отырған, олар Түркі Асылжіктермен (Селджук) бірге XII ғ. қоныс аударған (Иран мен Азарбайжан аймағында Аққойлы мен Қарақойлы мемлекеттері болғаны мәлім). Бұл екі ру кәзір Дулат тайпасы құрамында бар, ал Дулат тайпасы атауы таңдаулы Ұлан тайпасының көсемі Дула есімінен екені белгілі.

X ғ. Хазар Қағанатына көрші Ұлы Булгария, ұзындығы Волгадан Византия шекарасына дейін, ені Қара теңізден Чукоткаға дейін созылған алып мемлекет дейді Әл-Масуди жазбасы. Билеуші адамдардың «Хан Асүй Бегі» атауы, олардың Асылүй ұрпақтары екеніне куә (Болгария патшалары руының Асен деп аталуыда сөзімізге дәлел). Ұлы Булгарияда X ғ.  Ислам діні орнады, Хан баласы хажылыққа барып келді дейді Әл-Масуди (демек, «Волжская Булгария» мемлекеті мен «Фадлан саяхаты» дегендері жалған).

X ғ. соңында Қидандар (Құман немесе Найман) ығыстырған Қыпшақ елі Қазақ хандығын (Караханид) жаулап алды, олар Иран мен Оғызды (Ақүз) шабуылдай бастады (қарақшыға жаназа оқытпайтын Ислам діні Қазақтарды тонау-жорықтарынан тыйған болатын, ал ескі сенімдегі Қыпшақ елі сол тонауды тоқтатпағандар еді). Жаңа келгендер Қазақ хандығынан ары жатқан дала халқы  деп түсінген ирандықтар сол даланы XI ғ. «Дешті Қыпшақ» деп жазбасына ендірді (Волгадан Днепрге дейін созылған дала ешқашан Дешті Қыпшақ деп аталмаған, оны XIV ғ. дейін Құмания деп атады).

12) Тбилиций аймағындағы Қарапапахтар XI ғ. Грузин патшасынан жеңілді, Сыйбөрастық әулеттер билеген Рус-Грузин-Армиян одағы Ашиндік әулеттер билеген Хазар Қағанаты мен Ұлы Булгарияны жойды. Қарапапах, Арслар мен Адайлардың үлкен бөлігі XII ғ. Волга арқылы Қазақстанға жетіп Қазақ Хандығының батысын басып алды (Кимақ Қағанаты деген аймақ). Адайлардың мұсылман тобын ерткен Қарапапахтар Орта Азияға орнығып Қыпшақтардың батысқа жылжуын тоқтатты, Адайлардың негізгі бөлігі Маңғыстауға (теңізден Қаратауға дейінгі аймақ) орнықты, Арслар болса Адайлар мен Қарапапахтар ортасына жайғасты. Осында отырған Түркі Асылжіктер (Түркі Селжік) қол астарындағы Қазақ руларын және кейбір Оғыз руларын ертіп Анотолия аймағына кетті. Қазақтарды онда Түркі Асылжіктер себепті Түрк деп атап кетті, Оғыздарда  өздерін Түркімін дегендіктен Түркімен атауымен халық болып қалыптасты. Оғызтілді Арслар тайпасы кейінен Маңғыстаудан Түркіменстанға кетті (Тбилицидегі Қарапапахтар Қазақ халқынан екенін айттық, Қарақалпақ тілі Қазақ тілінің диалектісі деп танылатыны соның дәлелі).

kazakh

Қарапапахтардың екінші бір топтары мен Хазар Қағанаты адамдары Киев княздігіне орнықты.  Ұлы Булгарияның кәзіргі Болгария аймағын XI ғ. Византия басып алды, Византияда тәрбиеленген «Хан Асүй Бектері» көмегімен жаңа Епархия (Орхид Епархиясы) орнықты. Оның шіркеу тілі византия мен булгар тілдерінің қоспасы болды және грек әрпі қолданылды (ол бастапқыда Патша сарайының тілі болды дейді). Византия құрамында болған 170 жылда ондағы түркітілді булгар тайпалары християндыққа кіргізілді, олар осы шіркеу тіліндегі Болгар халқы болып қалыптасты. Алғашқы славян халқы осылай пайда болды. Барлық славян халықтарында «ескі Болгар» тілін «шіркеулік-славян тілі» деп атайды, өйткені оларда осы шіркеу тілі көмегімен түркітілді тайпалардан славянтілді халықтарға айналғандар болатын (оның бірі Орыс халқы).

Осы XI ғ. Сыйбөрас әулеттері билеген Рус-Грузин-Армиян одағы византиялық діндегі Сарир мемлекеті орнына католик дінді Авар Нуцальдігін орнатты.

13) Колхида даласындағы Қазақтарды Грузин патшасы XII ғ. қуғынға ұшыратты. Олардың бір тобы  мұсылман Қазақ патшалығына қосылды, екінші тобы Аландарға құлдыққа түсті, үшінші тобы Армения тауларына барып Армиян халқына сіңді, қалған Қазақтардың негізгі бөлігі кәзіргі Оңтүстік Ресей даласына кетті. Олар ондағы Булгар, Буртас тайпаларын ішкі Ресейге ығысуға мәжбүр етті. Осы Қазақтар Киев княздігін XII ғ. жойды, ондағы билеуші Бөрік (Рюрик) әулеті ішкі Ресей аймағында жеке княздіктер орнатты.

Закавказьеден Дағыстанға ығысқан мұсылман Қазақ патшасы XII ғ. християн Құмықтар мен Авар Нуцальдігін бағындырып, онда Ислам дінді Қазақ-Құмық хандығын орнатты.

14) Шыңғысхан өзі шыққан Бөріжігі руы Шибөраштық екенін жақсы білді, анасы мен әйелі Асылүйлік Қоңырат тайпасынан болуыда оның хандық хұқын күшейтті. Оның есімі Теміршың (Тимушин), неге Шыңғысхан атауын таңдағаны белгісіз дейді. Құң Империясын билеген әулет Шыңүй деп аталды және ол тек Асылүй тайпасынан сайланған. Шыңғысхан атауы дұрысында Шыңасхан, мағынасы «Шың дәрежелі және Ас тайпасынан шыққан Хан». Шыңғысханға қатты қарсыласқан XI ғасырдан Қазақ Хандығын (Караханид) билеген Қыпшақтар. Олардың басшы руы Елбөрі мен Бөріжігі руы Шибөраштық еді. Онда неге олар жауға айналды? Өйткені XIII ғ. Қазақ Қағанатын (Караханид) Хорезм аймағынан шыққан Түркі Ашина әулеті биледі, олардың аналары Қыпшақ елінен еді. Қыпшақ халқы күйеубалдарын қолдағанымен, арасында Шыңғысханға туыс екенін ұмытпағандары болды (Отырар қақпасын жасырын ашқандар). Шапыраш тайпасы «таз Қара» таңбасын «Тұмар» еткенімен, Шыңғысхан руында «таз Қара» таңбасы сақталды (Шыңғысхан таңбасы «Қарға» деу, үйсүн елі таңбасы «Қарға» деп бұрмалағандай жағдай болатын).

Шыңғысхан Қазақ-Құмық хандығын Авар Нуцальдігін билеген әулетке бағындырды. Өйткені, Авар Нуцальдігін билеген әулет Қырымдағы Сак Албан мен Рус тайпаларын басқарған Бөрік (Рюрик) руынан еді. Шыңғысхан Сыйбөрастық (Шибөраш) руларды елтаңбадан таныған. Шыңғысхан ішкі Ресейдегі Рюрик (Бөрік) әулеті билеген княздіктергеде тиген жоқ (осылай екенін Ресей тарихшыларыда мойындай бастады).

Шыңғысхан империясының негізгі күші Алла деп ұрандап соғысқан мұсылман Қазақ халқы еді (Қарах хандығы немесе Қараханиды мемлекеті халқы), осы себепті славяндар (Болгарлар) оларды Алачи деп атады және ол Қазақ халқының балама атауына айналды. Шыңғысхан империясын көршілері Алаш Орда деп атаған. Арабтық жазбалардағы осы атауды Алтын Орда еткен Ресей Империясы мен Сталин заманы («Алаш» пен «Алтын» арабша жазылуында өте жақын). Оны өзгертпесе, Алаш баласымыз дейтін Қазақтың  Шыңғысхан империясының негізгі халқы екені және Қазақтың ертеден мұсылман екендігі анықталатынын олар жақсы түсінді.

Қазақстанға Шыңғысхан заманында келген тайпалар Тәңірі сенімінде болатын. Олар қалың Қазақ ықпалымен Ислам дініне көшті, алайда кейбір ескі дәстүрлері мұсылман Қазақ халқына еніп үлгерді. Билік алған Темірлан Алтын Орданы жойды, оның мұсылмандарды аяусыз қырып-жойғаны белгілі (Ас тобынан болмағандықтан, ол мемлекет билігіне «қуыршақ хан» етіп Шыңғысхан ұрпағын отырғызған, өзі оның сыртынан билеп төстеген). Түсін сылтау етіп (Исламдағы түске байланысты талапты ескермей) Хожа Ахмет және Арыстанбаб кесенелерін тұрғызып, оларды табыну орны етті. Бұл дәстүр жақында келіп Ислам дінін қабылдаған тайпалар арасында тез орнықты (Қоңырат тайпасы орныққан аймақ). Қазақтарда Аллаға серік қосу осылай дәстүрге айналды, ол Алланың халқымызға деген ашуын келтіргенін көреміз. Осы себепті бір ғасырдан соң Қазақ халқын Жоңғар шапты, сосын бірнеше ғасыр Ресей Империясының отары болды, аштан қырылды, ақыры діні мен тілінен айрылар шақта Алланың қалауымен соғыссыз бостандық алды.

15) Қазақ қағанаты (Қимақ пен Қараханид делінетін) болған аймақта Қазақ Хандығын қайта орнатқан Керей мен Жаныбек сұлтандар. Қазақ халқында осыған дейін «жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрі болмаған. Олар тек өз тайпасы арасынан қыз алысуға ұмтылған, Қазақтың әрбір тайпасы ақырындап тайпа атауымен жеке ұлтқа айналу қаупі болды. Осыны түсінген Хандар мен кемеңгер Билер тайпаларды бір-біріне жіпсіз байлайтын, Шариғатқа сай заң енгізді. Ол «жеті атаға дейін қыз алыспау» заңы еді, оны орнықтыру үшін Шежіре жазу қажеттілігі туды. Осы дәстүрдің Қазақта ғана болуы, оның халықты ыдыраудан  сақтау құралы екенін көрсетеді. Барлық түбі түркілік ұлттар жеке тайпадан немесе бірнеше тайпа қосылуынан қалыптасты, ал Қазақ халқы ертедегі Сақ-Жүн-Құң халықтарының біртұтас жиынтығы болған «Алтын тамыр» болып табылады.

Жүзге бөліну Қазақ хандығы аймағын билеуді жеңілдету үшін енгізілген (аймақты Жүзге бөліп, оны билеген әкімді Жүзші деп атау Құң Империясында болған (қытайша Жичши) және Шыңғысханда осындай Жүзбасы лауазымын әскерінде қолданған). Тұрмысқа жайлы Оңтүстік аймақта халық көп болғандықтан ол аймақты Ұлы Жүз деп атады (Қоңырат тайпасы жаңа келгендіктен Орта Жүзге жатқызылды). Оңтүстік аймақ қазақтары Ақтабан шұбырынды заманында «Оннан Жетісінен» айрылғандықтан, кәзір саны аса мол емес.

Батыс аймақтағы қазақтар көп жерінен айрылды (Ноғай Ордасы мен Ресей Патшалығы иеленді), сол жоғалтқан жерлеріндегі қазақтары християн дінді Казактарға айналды. Осындай себептермен Батыс аймақ қазақтары азшылыққа айналып, ол аймақ Кіші Жүз деп аталды. Қалған аймақ Орта Жүз деген атауды иеленді және ел астанасы осы аймақта болған тәрізді (Ақмола атауы «Ақ» немесе билеуші топ жерленген аймақ деген мағынада болар. Ал Шыңғысханның алғашқы астанасы деп жүрген Қарақорым атаулы жердің мағынасы «Қаралар» немесе қарпайым адамдар жерленген деген мағына берер). Мемлекетті ертеден Асылұя немесе Ас (кейінгі қысқаша атауы) тобы билегендіктен, қазақ халқы билеушілер тұрағын «Ас станы» деп атаған, осы атау кейін мемлекет орталығы деген мағынаға ие Астана сөзі болып қалыптасқан. Ақмола қаласының Астана аталуыда Қазақ мемлекетілігінің үзілмей жалғасуының бір белгісі.

Жүзге бөліну мен тайпалар туыстығы өзара байланысты емес. Туыстығы жағынан Шапырашты-Қоңырат-Берш-Ысты-Ысық-Дулат-Шеркеш-Қыпшақ-Найман-Жалайыр-Тама-Тана-Төре-Қоралас-Жаппас-Төлеңгіт, Арғын-Ошақты-Шекті-Табын-Керей, Қаңлы-Сіргелі-Адай-Әлім-Албан-Сыбан-Таз жақын екеніне тарихи деректер куә. Яғни, әртүрлі Жүз құрамындағы  тайпалар өзара туыс екенін көреміз. Құң империясында Жүзші Ханзада лауазымы болған (Жичжо-княз), ал Юэчжи атауын қытай тарихшысы айтты деп «Жүз» тайпасы деп түсіну және оны ертеден Жүзге бөлінудің дәлелі дегеніміз орынсыз. Қытай тарихшысына осылай жаздырған, алысты ойлаған Қытай Империясының зымиян саясаты емесіне кім кепіл? Юэчжи атауы қытайша бұрмаланған Ошақ екенін айттық және Юэчжи мен Үйсүн бір аймақта отырғаны тарихшыларды тығырыққа тірегені белгілі (Ресйліктер осы Юэчжи тайпасы ирантілді, ал Үйсүндер түркітілді дейтіні белгілі, осылайша олар екі бөлек халық деп бұрмалады). Шынында Үйсүн деген Юэчжи (Ошақ) тайпасының мемлекеті атауы, Үйсүн мемлекетін билегендер Құңр (Құң) халқынан болғандықтан өздерін Құңрмын деп атаған (қытайшада Гуньмо). Кәзіргі Ошақты тайпасының төрт руының бірі Қоңыр екеніде сөзімізге куә.

16) Черкеш тайпасының билеушісі Мамай Глинский жайлы деректер XV ғ. соңынан белгілі. Осы адам Литов княздарының атасы саналады және ол Иван Грозныйдың нағашы атасы. Деректер оның Закавказеден шыққан Қазақ халқынан екенін және мұсылман болғанын байқатады. Орыс халқында тып-типыл қирауды «как будто Мамай прошел» деген балама сөзбен жеткізу сақталған.  Ресей аймағын Мамай бастаған қазақтар басып алды және ол Москва Патшалығы тағына күйеубаласын отырғызды деу орынды. Өйткені Иван Грозный оның туған жиені екені анық,  жылдарыда осы тұжырымға сәйкес. Иван Грозныйдың өз есімі «Тит» екен, мағынасы «кішкене» сөзімен мағыналас («Кишентай» мен «Титтай» мағыналас). 8 рет үйленуі оның Християн еместігін көрсетеді (православияда қатарынан 3 рет қана үйлену рұқсат), оның шіркеулерді талқандап ондағы Християн дінбасылары мен монахтарын өлтірткені белгілі. Иван Грозный құрған Стрелцы әскерлері Қазақтардан (Казак деп көрсеткен) жинақталған, оны әскери күшпен қолдап отырған Қасым Хандығы тұрғындары мұсылман Қазақтар (Татар-Казаки деп көрсеткен, яғни Татар тайпасы ол заманда Қазақ халқынан екенін ұмытпаған). Иван Грозныйдың  Ресей жерін кәзіргі аймағына кеңейткені және оны кеңейтуші Дөң Қазақтары (Донские Казаки деп көрсетеді) екеніде мойындалады.

Украйн тарихшысы Ресей жерін XVII ғ. дейін қазақтар билегенін, XVIII ғ. кейінгі Ресей билігі оны білдірмеу үшін Шыңғысханның қазақ екенін жасырды дейді. Шыңғысхан шыққан маңғыл тайпасын ойрат тілді деп көрсету үшін, ойрат-қалмақтар аймағында «Маңғолия» атауымен мемлекет орнатты және осы атауды халықтың атауы ете алды.

Иван Грозный неге қазақ (Казак деп көрсетеді) халқы көмегіне сүйенді? Өйткені қол астындағы халық оғыздық топқа жататын Бұртас пен Булгар тайпалары еді, олар Болгарлық Християн уағызшылары ықпалымен мұсылмандықтан християндыққа жаппай көше бастаған (яғни «ескі Шіркеу тілі» арқылы Орыс халқы қалыптаса бастады). Иван Грозныйдың өзі сыйбөрастық Бөрік (Рюрик) әулетінен болатын, яғни Құң халқының Асылүй тайпасынан болғандықтан, оған туыстық жағынан Қазақтар жақын болған. Оның үстіне Християн дінбасылары қара халықты Иван Грозный ұстанған Асылүй билігі дәстүріне қарсы қоюға тырысқанын байқау қиын емес. Иван Грозныйдың өз баласын өлтіруі де ұрпағының Асылүй дәстүрінен бас тартып Християн дінін қабылдауынан болар. Иван Грозныйдың Қасым хандығынан алдыртқан Сүймен Бекболатұлын бүкіл Ресей Патшасы етіп тағайындағаныда белгілі. Оның Ресей Империясы билігінде өз ата-бабасынан мұра болған Асылүй дәстүрін сақтап қалуға ұмтылғанын көреміз. Оны Иезуйд қоғамы ақыры улап өлтірді, орнына Годунов отырды. Осы аласапыран заманнан соң билік Романов әулетіне тиді және олардың Рюрик әулетіне қатысы жоқтығы мәлім. Сол заманға дейін Дөң Қазақтары мен Ресей Империясы Сыртқы істер министрлігі арқылы қатынасқан екен, яғни Қазақтар елі дербес екендігі мойындалған.

      Романовтар билеген замандарда Дөң Қазақтары дербестіктен айрылды, олар Ресей Империясының жалдамалы әскеріне айналды, оларға Християн дінін қабылдатуға Ресей барынша күш салды. Осылайша жаппай Християн дініне көшкен Қазақтар славянтілді Казак деген топқа айналды, кешегі өз халқын Ресейге отарлап берді. Олардың ескі сөздері мен киргиз-қайсақ сөздері бірдей екені XIX ғ. көрсетілген екен. Сол християн дініне көшкен қазақтардың Ресей Империясы құрамына кірмеген үлкен бөлігі Украйн ұлтын қалыптастырды деу орынды. Ресейлік Казактарға қарағанда Украйндарда Қазақ сөздері мол сақталған. Кәзіргі жиі естілетін Майдан-Беркут-Геть сөздері оның жарқын мысалы.

Казактардың ұлттық киімінің Кавказдық екені олардың Закавказьеден шыққандар екеніне куә. «Закавказьедегі Касах-Кашак-Казах дегендер Адыгей халқының бір топтары» деген өтірікке сенеді. Византия Императоры Зихия елі IX ғ. кәзіргі Оңтүстік Грузияда екенін көрсетті. Адыгейлер осы Зихиялықтар, олар Солтүстік Кавказға  Вайнахтардан кейін келді (XX ғ. басындағы картадан ол аймақтан ешқандай «Адыгей» мен «Черкеш» атауларын көрмейсіз). Осетиндер мен Мегрелдер XVII ғ. «Қазақ» деп атағандар Солтүстік Кавказда отырған «теріскей Қазақтары», оларға атау берген Закавказье Қазақтары (солтүстіктегі туыстарын «теріскей қазақтары» деген). Масуди дерегінен Абхаздан басқа Зихиялық халық көрмейсіз, ал Осетин мен Вайнах халықтары X ғ. Грузияда отырғанын көрсетті, яғни олар Солтүстік Кавказға XII ғ. грузин патшасы қуғанда барды. Теріскей Қазақтары (Терские Казаки деп көрсетеді) сол аймақта әлі отыр, өкініштісі орыстілді Казак болып кім екенін ұмытқан. Қазақстанға орныққан Казактарды біздің аталарымыздың «тамыр» деп тануы бекер болмас, олар Казактардың арғы түбі өзінен екенін білген тәрізді.

(Соңы)

Бекжан Әденұлы

Bekzhan Aden

Асанқұлов Бекжан Әденұлы – туылған жылы 1967, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылының тумасы. Мамандығы – энергетик, жоғары білімді. 1992 жылдан Маңғыстау облысы Ақтау қаласының тұрғыны. Жеке кәсіпкер.

Қатысты Мақалалар