ТикТок қолданушысы өзінің парақшасында Смолл сауда үйінде қазақтың әуендері ойнап тұрғанын көрсеткен. Бұл жайт көпшіліктің назарын аударып, ел ішінде кеңінен таралып, түрлі пікірлер тудырды.
Бұл жағдайды желі қолданушылары Магнумдағы тілге қатысты мәселеден кейін Small өздерінің маркетингін көтеру үшін жасап отыр деп тұжырымдаса, кейбіреулері " Магнумның оқиғасы кеше мен бүгін болып жатыр ғой. Ал Смолл бұрыннан қазақша музыка қояды" десе, бірі "Смолда бұрын жұмыс істегенімде тек қазақша әндер айтылатын. Ал магнумға кіргенде тек өздерінің жарнамалық әндерін ғана қосып қояды" деп пікірлерін білдірді.
P.S. Қазақтың әуендері қазіргі заманның сауда орталықтарында да орын табуы, ұлттық мәдениеттің қайта жаңғырып, заманауи трендтермен үйлесімді түрде дамып келе жатқанының белгісі. Смолл сауда үйі сияқты үлкен сауда орталықтарында, әсіресе, жасөспірімдер мен жастар жиі болатындықтан, қазақ әуендерінің тыңдалуы мәдениеттің кеңінен таралуына әсер етеді.