20 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Ақтөбе облысы:
- "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін). Баламалы қозғалыс "Ембі – Жем – Әлібек-Мола (кен орны) – Кенқияқ – Темір" автожолы бойынша жүзеге асырылады.
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 666 арнайы техника мен 1950 маман жұмылдырылған.
Пікір қалдыру