Қазақстан мен АҚШ бес жылға әскери әріпстестік туралы төртінші жоспарға қол қойды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі fondsk.ru-ға сілтеме жасап.
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ведомства өкілдері арасында «екі жақты қорғаныс кеңесі» өтті. Сол уақытта жоспарға қол қойылды.
Қазақстандық делегацияны қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Талғат Мұхтаров бастады. Қазақстанның қол қойылған әскери ведомства жоспары туралы егжей-тегжейлі ақпарат айтылмай отыр. ҚР мен АҚШ арасындағы әскери әріптестіктің келешегі талқыланғаны туралы ғана хабарланды.
Әскери қызметтестік жоспары 2018-2024 жылдар аралығына белгіленді. Яғни Астана, АҚШ және НАТО-ның әскер саласындағы қызметтестігі жалағасады. Бұл Қазақстанның Ресейден, ҰҚШҰ-нан және ЕЭО алыстағанын білдіреді.
АҚШ қазақстандық әскерді жан-жақты үйрету арқылы, Қазақстанның күштік жүйесіне қолжетімділігі артады.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру