Қазақстандықтар өз депозиттерін сеніп тапсыратын үш банктың аты аталды

/uploads/thumbnail/20170716220335877_small.jpg

Ranking.kz сарапшылары қазақстандықтардың өз жинақтау қорын қай банкке сеніп тапсыратындарын анықтады. Соңғы 5 айда теңге салымы 19%-ға өсіп, валюталық салым төмендеген, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Портал мәліметінше, мемлекетте жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы сомасы 3%-ға төмендеген, инвавалюта 13%-ға төмендеді. Осы уақыт аралығында тұрғындарпдың теңге салымының сомасы 19%-ға өскен.

Тенденция теңгені нығаюының салдарына байланысты.

 5 ай көлемінде түрлі салымдар көлемі бойынша алда келе жатқан банк – Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі. 2017 жылдың қаңтары мен мамыры аралығында жалпы саны 54,6 млрд теңгеге дейін өскен немесе 13%-ға дейін көтерілген. Қазіргі таңда банк нарықта жеке тұлғалалрдың жинақтау қорының 6%-ын қамтиды.

Екінші орында – Каспий банкі. 5 айда өз портфелінде салымдарын 30,9 млрд теңгеге дейін өсірді немесе 4%-ға. Банктің нарқытағы үлесі 10%-ды қамтиды.

3-орынға шыққан банк – Fortebank. 5 ай ішінде жеке тұлғалар салымы 17 млрд теңгеге, 4%-ға өсті. Банктің нарықтағы үлесі 5,6%-ға жеткен.

2016 жылдың басында аталмыш банктер жылына 8,8% теңгелік депозиттер бойынша сыйақы ұсынған.

Шолушы: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар