Казахстан Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығуға жол іздеуде. Республика мұнай өнімдерін 1-2 ай көлемінде күшейтілген түрде өндіретін болады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Бұл туралы республиканың Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың хабарлады.
Министрдің айтуынша, қараша айында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының кезекті жиналысы өтеді. Астана әлі келісімді ұзарту туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл қараша айында белгілі болады .
Сонымен қатар, Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстан ағымадағы жылы 81 млн. тонна мұнай өндіруді көздеп отыр.
Оның айтуынша, республика толығымен мұнай өндіруді азайту туралы келісімді сақтауда.
Бозымбаев, сондай-ақ Қазақстанда толық мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге үмітті екенін жеткізді. Министр келісім мен мұнай бағасына көңілі тоятынын айтты. Министрдің айтуынша жыл бойындағы өндірілген мұнайдың құны 50 доллар баррельді құрап отыр.
2016 жылдың соңында мұнай экспорттаушы 11 тәуелсіз мемлекет мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімге қол қойған болатын. Келісім бойынша, қатысушылар 2017 жылдың бірінші жартысында нарыққа бір күнде 1,8 млн баррель мұнай шығаруы керек.
Венада мамыр айында өткен кездесу кезінде келісімді 2018 жылдың сәуір айына дейін созу туралы шешімге келген. Келісімнің мақсаты - орташа бес жылдық деңгейдегі жаһандық мұнай қорын азайту.
Аудаған: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру