ОҚО, Бәйдібек ауданында 100 гектар бидай алқабы өртеніп кетті

/uploads/thumbnail/20170716220347535_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында дала өрті жиіледі. Бәйдібек ауданы Екпінді ауылының маңындағы жайылымдық алқаптан ұштанған өрт бұл жолы егіске өтіп кеткен. Қызыл жалын пісіп тұрған 100 гектар астықты түгелдей күлге айналдырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Аптапты ыстықта қураған шөптен шыққан оттың бұлайша тез таралуына ұйытқи соққан желдің де әсері болған. Өртті өшіруге 4 арнайы техника мен 22 өрт сөндіруші барған. Төтеншеліктерге ауыл азаматтары көмекке келген. Көпшілік түс мезгілінде ұштанған тілсіз жауды жабылып жүріп, сағат 18:00 шамасында әзер дегенде өшіріп алған. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. «Қазір тілсіз жаудың шығу себебі мен ол келтірген шығын көлемі анықталып жатыр», – дейді ОҚО ТЖД баспасөз орталығындағылар.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН

Қатысты Мақалалар