Британияның Бирмингем қаласында екі жігіт 91 жастағы әженің үйіне ұрлыққа түскен. 38 жастағы Стивен Рид пен 26 жастағы Жером Джонс әженің үйіне кіріп, қарт адамды бір бөлмеге қамап қойған. Сөйтіп олар әженің бағалы заттарын үпті қылып кеткен. Ұрланған заттардың арасында алтын неке сақинасы болған көрінеді. Жігіт сақинаны өзінің қызына сыйлық ретінде береді. Жігітінің ұрланған сақина сыйлағанын біліп қойған қыз жігітін полицияға ұстап береді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Сотта екі жігіттің өзгенің үйін бұзып, ұрлық жасағаны дәлелденген. Сөйтіп Рид 4 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылған. Ал оның қасындағы сыбайласы 4 жыл 3 айға сотталыпты.
Шолушы: Ақнұр МҰХТАРХАН