Бақытжан Сағынтаев Латвия президенті Раймондс Вейониспен кездесті

/uploads/thumbnail/20170716220356870_small.jpg

Бақытжан Сағынтаев Латвия президенті Раймондс Вейониспен кездесті, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігігі. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлайды.

Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Айта кетсек, Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн. долл. құраған (экспорт – 93,5 млн. долл., импорт – 32,7 млн. долл.). 2017 жылдың қаңтар-сәуіріндегі сауда айналымы $31,8 млн. (экспорт – $25,3 млн., импорт – $6,5 млн) болды. Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Лондон Ситидің Лорд-мэрі Эндрю Пармлимен кездесті Кездесу барысында ірі трансұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл, қаржы қызметтерін, шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар