Атырау облысында ашық теңізде қалып қойған адам құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170716220407982_small.jpg

Атырау облысында ашық теңізде үш тәулік бойы қалып қойған балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

«Құлсары қаласының 1964 жылғы тұрғыны 6 шілде күні аспалы моторлы қайықпен Каспий теңізіне аттанады. 7-сі күні ол үйіне оралмайды. 8 шілдеде оның туыстары ТЖ департаментіне жоғалғаны туралы өтініш түсіреді. Олар өтінішті кешке түсіргендіктен, тікұшақты әуеге жіберу мүмкін болмады. Жағалауды әуеден бақылау 9 шілде күні таңғы сағат 5.50-де басталды», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖ департаменті.

Кейін жоғалған адамы бар қайық қамыстардың арасынан табылды. Арнайы жабдықтардың көмегімен ол әуе кемесінің бортына көтеріліп, құрғақ жерге жеткізілді. Балықшы ауруханаға жатудан бас тартты.

Шолушы: Әсел Болатқызы


 

Қатысты Мақалалар