Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Чаман қаласында әскерилерге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қастандық кезінде 3 адам қаза тапқан. Біреуі – полиция бастығы, екіншісі- оның оққағары және үшіншісі - қарапайым тұрғын. Тағы 12-сі жараланды. Полиция өкілінің мәліметіне қарағанда, қаскөйлер жарылғышты жергілікті құқық қорғау бөлімінің басшысы отырған мотоциклге орнатқан. Жарылыстан қаза тапқандардың бірі – сол маңайдан өтіп бара жатқан тұрғын. Ал жараланғандардың дені әскери қызметкерлер. Әзірге қастандықты ешқандай лаңкестік топ мойындаған жоқ.
Шолушы: Айгерім Таубай