Екі рет балаларға сексуальды күш көрсетіп қамауға алынған қылмыскер, бостандыққа шықты. 8 және 10 жастағы балаларды зорлаған педофил мезгілінен бұрын қамаудан босап шықты. Зырян ауданында түрмеден шыққан қылмыскер 11 жастағы қызды зорламақ болған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Мой Город мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
АІІБ басшысының орынбасары Рустам Надыровтың айтуынша, «Сағат 18:30-да Зыряновск тұрғыны белгісіз азаматтың кішкентай қызын зорламақ болғанын айтып, полицейлерге хабар берді».
Анасының айтуынша, қызы өзге балалармен аулада ойнап жүрген. Сол сәтте ер адам олардың маңында айналшықтап жүріп, екі қызды қасына шақырып алыпты. Ұялы телефонын көрсетіп, балалардың көңілін аулаған азамат екі қыздың бірін өзімен бірге ертіп кеткен.
Полицейлердің сөзіне сенсек, ауладағы өзге балалар қыздың анасына баласын бейтаныс ер адам ертіп әкеткенін айтып беріпті.
"Әйел бірден қызын іздеуге кірісіп, айқайға басқан. Сол сәтте педофил қыз баланы шешіндіріп үлгерген. Әйелдің дауысын естіп, ізін суытады. Әйел бірден полиция шақыртады. Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада құрықтады. 10 шілде күні сот оны қамауға алу шешімін шығарды", - дейді Рустам Надыров.
Айта кетсек, біраз уақыт бұрын қылмыскер бала зорлағаны үшін 8 және 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Шолушы: Айгерім Таубай