Жапонияның оңтүстік-батысындағы жауын мен тасқын құрбандарының саны артты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апаттан 24 адам ажал құшқан, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі штелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Тағы жиырмадан астам адамнан әлі күнге дейін хабар жоқ. Топан су тұрғын үйлер мен тас жол және темір жолдарды қиратты. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қирандыларды тазарту үшін шамамен 2 мыңнан астам жауынгер жұмылдырылған. Осы уақытқа дейін олар 1022 адамды құтқарды.

Шолушы: Айгерім Таубай