Қостанайда із-түссіз жоғалған 8 жастағы баланы іздестіруге байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі «Астана арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.
Баланы іздестіруге еріктілер тобы да жұмылдырылды.
3-сынып оқитын Игорь Коцкийді үшінші тәулік іздестіріп жатыр. 4 маусым күні Игорь далаға ойнауға кеткен. Соңғы рет оны Қостандағы дүкендердің бірінде досымен бірге әлдене сатып алып тұрғанын көрген. Кейбір куәгерлердің айтуынша баланы бір ер адам қолынан ұстап алып кетіп бара жатқан. Алайда бұл нұсқа әлі ресми түрде дәлелденбеген.