Боварияда жеткіншек ата-анасынан 10 мың евро ұрлап ол ақшаға дос сатып алмақшы болған

/uploads/thumbnail/20170716220424367_small.jpg

Баварияның Бад-Тельц қаласының полициясына ақша таратып жүрген жеткіншек туралы хабар түскен.  Жеткіншек  100-2,5 мың евро аралығындағы ақшаны мектеп футбол командасының ойыншыларына таратып жүрген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетел басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер жасөспірімнің жеке тұлғасын тез арада анықтаған. Ол 13 жастағы мектепке жаңадан көшіп келген жеткіншек болып шыққан. Бала жаңадан көшіп келген мектепте достар тапағанына қатты қапаланып жүрсе керек. Өзінің жалғыздық проблемасын шешу үшін ақша таратқан. Ол ақшаны (10 мың евро) ата-анасынан ұрлап алған.

Мәселенің мән жайы белгілі болған соң, баланың ата-анасы таратылған ақшаны қайтарып беруін сұраған. Ақшаны қайтарып бергендер болған, алайда көпшілік балалар ақшаны құртып тастағандарын, тіпті кейбірі нақты қанша қаражат бергенін ұмытып қалғандарын айтқан. Ал жасөспірім болса өзінің ақшаға сатып алған достарын сатпауды жөн көрген.

Қатысты Мақалалар