Лондонда Grenfell Tower аталатын көпқабатты үйде өрт шықты. Өрт кезінде ғимаратта жобамен 350 адам болған. Оның ішінде 255-і өрттен аман қалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ВВС мәліметіне сүйеніп.
Полиция капитаны Стюарт Кундидің айтуынша, құқық қорғаушылар қайтыс болған адамдардың нақты санын анықтау үшін жұмыс істеуде.
Оның айтуынша қайтыс болғандардың саны 80-нен де көп болуы мүмкін.
Оқиға болған түні 14 тұрғын өз үйлерінде болмаған. Әзірге 32 адамның мәйіті кімге тиесілі екені анықталды.

Шолушы: Айгерім Таубай