Трамп ДАИШ террористік тобын толық құртатынына уәде етті

/uploads/thumbnail/20170716220429263_small.jpg

Дональд Трамп  ДАИШ террористік тобын толық құртуға тырысатынын уәде етті. Америка көшбасшысы Иракты Мосулдың содырлардан құтқарылғанымен құттықтады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

«Соңғы 6 айда біз «ДАИШ мемлекетіне» қарсы күрес барысында үлкен жетістіктерге жеттік. Біз бұл күресті ары қарай да жалғастырамыз»-дейді Трамп.

Оның сөзіне қарағанда, Мосулдағы жеңіс  - ДАИШ-тың Ирак пен Сириядағы өмірін тоқтатты.

Еске салсақ, жақында Ирак премьер-министрі Хайдер әль-Аади Мосулдағы ДАИШ мемлекетін жеңгендерін ресми түрде жариялаған.  

Қатысты Мақалалар