Бұл мақалада Нобель сыйлығын иеленген алғашқы қытай жазушысы Гао Синцзян және оның «Рух тауы» романы жайында талдау жасалады.
ХХ-ғасырдың 90 жылдардан соң Қытай мүлде үлкен өзгеріске ұшырады, сауда-саттық экономикасы жанданды, қытай халқы егістік егуге деген махабатын сауда-саттыққа ауыстырды, барша қытай ұлты жаңа нарықтық көзқарастың ішінде өмір сүрді, «даму деген дау жүрмейтін шындық», «жалпы халықтық ішкі өнім» деген көзқарасты және ғылым арқылы даму бағытын ұстанды, үздіксіз реформа жасау, үздіксіз ортаға бейімделу, үздіксіз алға ілгерілеу деген сияқты түрлі бағыттарда ұрандатты. Осы заман қытай әдебитінде орасан зор өзгеріс пайда болды, бұнда адамдар танымдық жақтан төмендеп, сауда-саттық экономикасының жетегімен тұтыну мәдениеті қалыптастырды, осылайша осы замандағы мәдениетте, әдебиетте адмдық құқық, азаматтық сана мәселесі көтерілді, шетелде тұратын қытай жазушылары мен шетелдік күштердің ықпалында әдебиет көп бағдарлылыққа бейімделді, адамдардың гуманитарлық рухани сұраныстары сөз бола бастады, әдебиетте ішкі ирімдер төмендеп, бүгінгі жаргон сөздер ене бастады, тұтыну мәдениеті, әдебиетте түрлі түсті ой-толғамдар бейнеленетін болды, жаңа ғасырдың жаңа мәселелері көрініс таба бастады. Әдеби шығармашылықта жазушыларға өз ойындағысын еркін жазуға толығымен мүмкіндік берілді, әдебитте бүгінгі күннің ұсақ-түйек тақырыптары және замандану деп ұятсыздау дүниені жазу өз алдына үрдіске айналды. Сонымен қатар бүгінгі күннің тұтыну мәдениетін дәріптеу басты назарға ұсталды. ХХ-ғасырдың соңғы мезгілдерінде тек төмен қарап алып кітап жазғыштықтық өзгеріп, нақты болған істер ғана жазылып, ақпараттық, дидакатипті шығармалар жарыққа шықты. ХХІ-ғасырда жазушылар материялдық тұрғыда қамтамассыз етіліп, оларға рухани, қоғамдық мәселелерге шындап кірісуге мүмкіндік берілді. Сол себепті де әдебиетке қазіргі заман мәдениеті қатты әсер беріп, әдебиетте көп бағдарлылыққа жол берілді. /1.356页/
Осы дәуірдің дарынды өкілдерінің бірі жазушы, драматург, сыншы, прозашы - Гао Синцзянь(高 行 徤Gao Xingjian). Оның ата-бабасы Жияңсу өлкесінің адамдары, өзі Жияңши өлкесінде1940 жылы дүниеге келген. 1962 жылы Пекин шет тілдер университетін тамамдағаннан кейін, Қытай халықаралық кітап дүкеніне аудармашы болып қызметке тұрады. 1971-1974 жылдар аралығындағы кадрлық қызметкерлердің мектебі жүргізілгенде, Уән Нәншән ауданының ауылына орта мектеп оқытушысы болып қызметке тұрады. 1975 жылы Пекинге оралады. 1977 жылы сыртқы байланыстар комитетінің мүшесі болып қызмет атқарады. 1978 жылы өз шығармашылығын бастайды. 1979 жылы «巴 金 在 巴黎» санвэн, « 寒 夜 的 星 辰» романы жарық көреді. 1981жылы Пекин ұлттық көркем театрына сценарист болып тағайындалады. Драммалық шығармаларын жазады.
Гао Синцзян 2000 жылы әдебиет саласы бойынша алғашқы болып қытай жазушыларының ішінен Нобель сыйлығын алды. Бірақ жүлденің, тек шет елдіктер үшін ғана аса таныс емес сонымен қатар Қытайдың өзінде туындыларын оқуға қатаң тыйым салынған авторға берілуі ешкімнің үш ұйықтаса түсіне кірмеген жағдай. Нобель марапатына лайық деп танылған туындысы «Рух тауы灵山». Бұнда бірегей сюжетпен жазылмаған, қайта саяхатшы ретінде қытай туралы жазған очерктерінен құралған. Аталмыш еңбек «әлемдік маңыздылығы бар сонымен қатар қазіргі замандағы адам орнын шынайылықпен бейнелеген шығарма» және « қытай прозасы мен драматургиясына жаңа жол ашатын туынды» деумен бірге Швед Академиясы «Рух тауы» бірегей роман, ешқандай туындылармен салыстыруға келмейтін, тек өзімен ғана салыстыратын туынды» деген бағамен марапатталды. Қытайда шығармашылығына контрреволюциялық насихат ретінде тыйым салынған Гао Синцзянь, қытай билігінен қашып, Сычуань провинциясының таулы аймақтарында, бес айға жуық уақыт бойы Янцзыны бастан-аяқ жүріп өтеді. Бір бөлігі философиядан, басқа бөлігі махаббат хикаясынан тұратын бұл жол көрсетер күнделік заманауи Қытайдың терең түкпіріне еніп, ұмытылмастай әсер қалдыратын, кербез романдардың бірі. Мәдени жазалаудың ортасында және түрмеге түсу қауіпінде болған Гао Синцзянь бас сауғалап, Пекин қаласына қашты. Ол орталық Қытайдың орманы мен тауларын, өзен көлдерде саяхаттағандардың алғашқысы болды, сол жақтан Шығыс қытай жағалауына Сегіз қыстақ арқылы өтіп, он бес мың километрге созылған кремет сапар Гао Синцзянның «Рух тауы» шығармасына негіз болады. Қытайда Гао Синцзянды «сананы азғырушы» мен «идеологиялық ортаны ластаушы» деп айып тағады, алайда «Рух тауы» романында байқағанымыздай Қытайдың коммунистік партиясы немесе адам құқығы жайлы бір ауыз сөз жоқ. Шығармадағы автордың «мені» бөлінеді, жіктеледі, өзара бейнеленеді. «Мен», «сен», «ол» автордың ішкі жан дүниесінің әртүрлі жағдайын көрсетеді. Мүмкін бұл мақам Гао Синцзянның драматургиялық бағытынан келген болуға керек, себебі драматургиясын оқығанда байқағанымыздай ол әртістердің алдына, сомдаған кезде рөлге кіре отырып сол мезетте болып жатқан оқиғаны сырттан бақылағандай болу керек деген талап қоятын. Гао Синцзянның шығармашылығы секілді, бұл кітапқа түрткі болған ол көпшілік мақұлдаған авторитарлық көзқарасқа күдіктене қарайды.
Қытай тілінде «灵山» (Lingshan) , орыс тілінде «Гора Духов», ал ағылшын тілінде «Soul mountain» деп аударылған, негізінде қытай тілінде灵иероглифі көптеген мағынаға ие «рух», «өлгеннің жаны», «ата-бабалар аруағы» болса, 山 тау деген мағынаны береді, осыдан аруақтар мекендейтін «Қасиетті тау» деп аударылса да болады. Бірақ Гао Синцзянь «Рух тауы» деп аударылғанға да қарсы емес екенін айтады. Роман көптеген шет тілдерге аударылған, мәселен ағылшын, француз, швед жалпы әлемнің отыз алты тіліне аударылған, осындай ауқымды шығарманың бүгінгі күнге дейін орыс тіліне аударылмағаны қызық, бәлкім романның күрделілігі орыс аудармашыларын қиындық туғызған болуға керек.
1982 жылы қытайлық драматург, прозашы және драматургі Гао Синцзянға дәрігерлер өкпе рагы деген қоқынышты диагноз қояды. Алты апта бойы өліктің күйін кешіп жүріп сол кездегі қуанышы Пекин маңындағы кішкене қалашықтағы мола басында көп кітаптар болады. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін, дарынды тұлға Гао Синцзянь екінші мәрте тексерілуден өтеді, тексерілістің нәтижесі аурудың жоқтығын көрсетеді, өлім мерзімі ұзартылған Гао Синцзянь тірілер әлемін жазады. Романның желісі де осы негізде болады, ауруға ұшырайды бас кейіпкер, содан кейін ол таулы қыраттарға саяхатқа шығады, буддаға табынады. Оның құлан таза сауығып кетуі, буддаға деген сенімінің күшейгендігі және сол жол бойында көрген-түйгендері негізінде. Романды жазушы 1982 жылы бастады, жеті жыл көлемінде жазылып, 1989 жылы Париж қаласында соңғы беттері жазылып, 1990 жылы алғашқы кітап жинағы Тайпейде басып шығарылды. 1992 жылы Горан Малмквист есімді атақты швед аудармашысы швед тіліне аударып, басып шығарды. Ал француз тіліне Ноеля мен Лилиан Дютрелер есімді тіл маманы 1995 жылы аударады. «Рух тауы» кітабында автордың бүгінгі күні сақталып қалған, Қытайдың Оңтүстік, Оңтүстік-батысындағы дәстүрлерден алған әсерін жазады. Шығарма толығымен көне Лао Зы даналығына негізделген, сонымен қатар қарақшылардың романтикалық оқиғалары мен балладалары да бар.
Құрылысы бойынша роман өте күрделі, тіпті атауының өзі аударғанда біраз қиындықтар туғызғанға ұқсайды, романда әртүрлі әдеби стильдер, техника қолданған. Гао Синцзянды дессидент, көтеріліске қатысушы, бүлдіргіш, қытайлық Солженицын деп те атайды, алайда дәл осы кітапта адам құқығы жайлы да қытай комунистік партиясы жайлы да бір ауыз сөз кездестірмейміз.
Жалпы романды жазушы ауылдық жерлерді зерттеп, ондағы тұрмыс-тіршілікпен танысады, ел естімеген мекендерде сақталған ғұрыптарды зерттейді. Бес жүз беттен тұратын бұл туындыда философиялық шегіністер, этнографиялық жазбалар кездеседі. Кітап толығымен шынайылықты негіз етеді. Негізінде туынды жол көрсететін күнделікке ұқсайды, Қытайдың шалғайдағы аймақтарына саяхат жасап автор өзіндік этнографиялық зерттеулерін жүргізеді, халық әндерін жазады, қарттардың мифтік әңгімелерін тыңдайды, адам баласы аяқ баспаған биік шыңдарға шығады, тамаша достармен, албырт қыздармен және күмәнді шенеуніктермен кездеседі. Осының барлығы кітапта кездеседі, бірақ оданда көп кездесетіні түсініксіз нақылдар, бұлыңғыр естеліктер, құпия диалогтар. Барлығы мәтіндік бірлікке жиналған, әртүрлі баяндаушы қабаттан құралып елес тәрізді, сенімсіз шынайылықты бейнелейді. Шығарманы оқи отырып болып жатқан оқиға шынайы өмірде ме әлде автордың қиялында немесе түсінде ма екенін айыра алмай қаламыз. Туындының құрылысы мен стилі жайлы көзқарас қалыптасу үшін біраз үзінді келтірейін:- «Терезенің арғы бетінде қар үстінде мен кішкентай құрбақаны көріп тұрмын. Бір көзін қысып, ал екінші көзін керісінше бақырайтып ашып алған ол мған тапжылмастан, тесіле қарап отыр. Мен білемін, бұл- Құдай. Ол менің алдыма, мен оны түсінемін ба жоқ па соны көру үшін келді. Ол менімен көзін бірде ашып, бірде жауып тіл қатып отыр.
Құдай адамға тіл қатқанда өзінің дауысын естігенін қаламайды. Менде бұны жат деп ойламаймын, бейне бір солай болу керек сияқты. Құдайға құрбақанын кейіпінде келу орынды болып көрінеді. Саналы, дөңгелек көз тағы бір мәрте ашып-жабылды. Мендей жәрдемсіз пендеге қараған бір көзқарасының өзі неткен жақсы еді. Бір көзін жауып, екіншісін ашып, адам баласына түсініксіз тілмен сөйлеуде. Мен оны түсінемін ба әлде жоқ па оны мазаламайды. Әрине, бұл көзді ашып-жұмуда бір ешқандай мағына жоқ деп түсінуім де мүмкін, бірақ айтылғалы тұрған хабардың маңыздылығы да сол, ешқандай мағынасысының жоқтығында шығар. Әлемде ғажайыптар болмайды, бұны қанағатсыз адам баласы маған Құдайдың айтқаны.
Бірақ одан басқа не іздеймін?- одан сұраймын мен
Айнала тым-тырыс, үнсіз аппақ лүпілдеген қар қара жерді басып жатыр. Мен бұл үнсіздікке ғашықпын. Жәннатта да дәл осындай тыныштық шығыр бәлкім. Қуаныш жоқ, қуаныш жүрген жерде үнемі алаңдаушылық, қайғы жүрмейді ма. Қар әлі де жауып тұр. Мен қайда екенімді білмеймін. Бұл аспанның қайдан пайда болғанын да білмеймін, айналама қараймын. Барлығын білемін деген оймен, мен өзімнің ешнәрсе білмейтінімді білемін.
Менің артымда бір түсініксіз құбылыс болып жатыр, құпия бақылаушы, ол үнемі сені бақылап жүреді, сол себептен мен түсінгендей болайын, бірақ мен сол күйі ештенке түсінбедім. Мен түсінген адамның бейнесінде отырған кезде, өзімнің ештенке түсінбей отырғанымды білемін. Мәселенің негізі де сонда, менің тіпті бір нәрсені түсінуге де қабілетім жоқ, мен ештенке түсінбеймін».
Шығарманы оқи отырып шындық қайда, автордың қиялы қайда түсіну біраз қиындықтар туғызады, алайда Гао Синцзянның шығармаларының ерекшелігі де сол, шынайлықпен жалғанды өзара түйістіріп, байланысытыру. Шынайлықпен жалғанның арасын ажырата отырып, Гао Синцзянь ол жерге романының аты секілді көп мағынға ие әдебиетпен толтырды. Роман терминін қытай мен батыста қалай түсініп, қабылдаса да бұл еңбектің жанрына қарап оны роман деп атау қиын болады. Классикалық Қытайда жазушы дәл түпнұсқада жазса ол ұят саналатын, бірақ ойдан шығару да орынсыз еді. Тек беткі қабатын ғана түртіп, ішкі жан дүниеге үңілмеу, тәтті жемістің сыртын жеп, ішін тастаумен тең. /5/ Әрбір жазушының қолынан келе бермейтін бұл тәсіл, тек өз жүрегінің түбіне толығымен үңіле білген адамның ғана қолынан келеді, бұл жөнінде философ Мың Зы былай деген « өзінің жүрегін танып болған адам, өзінің табиғатын таныған адам». Гао Синцзянда осы жайлы өзінің Нобельдік лекциясында «Жазушы- ол өзіне зер салып, үңіле қараған адам» дейді. «Рух тауы» қытайлардың ойынша лирикалық поэзия іспетті нағыз деректі туынды деп санайды. Шығармадағы өлең жолдары жанның бет бейнесі, ол автор бастан кешкен лирикалық уайымның үлгісі. Бұл өлең жолдары ойдан шығарылатын дүние емес, ол автордың кенеттен ойына оралған естеліктері, жан дүниенің ұмтылысы, өтпелі арман, елесті түстері. Шынайы сезім сылтау іздеуді қажет етпейді, оны бастан өткізу керек, содан кейін ғана басқаларға жеткізе аласын. Шынай сезімнен басқасының бәрі сол лирикалық кезеңнің қай кезде, қалай өткендігін көрсететін нұсқау ғана. «Рух тауы» романын репортаж туынды деп атасақ та қателеспеспіз, жазушы бізді елімен таныстыру үшін алып жүрген жоқ, ол тек өзінің жан дүниесінің лирикалық көзқарасын көрсеткісі келді. Бұл көпшілік қолданбайтын тәсіл арқылы Гао Синцзянь шынайылықтың ішіне еніп оны сипаттауында, бұл жөнінде автордың өзі былай дейді «жазушы шындықты көшірмейді, керісінше оның ішкі қабаттарына еніп, шындықтың өзіне жетеді. Әдебиет сыртындағы бос қиялды әшкерелеп, қарапайым құбылысқа биіктен қарап, оны жан жақты, барынша суреттейді. «Рух тауы» - бұл автордың тамаша кейіпте ақын жандылықпен түнгі өзеннің ағысын сипаттайтын эпикалық үздік шығарма, соған қарамастан ол реалистік, адамзат пен әлемнің сұлулығын қалай көркем суреттесе көріксіздігін де дәл сондай шеберлікпен суреттейді. /5/
Қытай тамыры тереңде жатқан байырғы ел, бес мың жыл бойы ешқайда қозғалмай отырған бұл халықтың мәдениетке де, тарихқа да бай. Қытайлардың түсінігінде тұрып жатқан ортамен жақсы қарым қатынаста болу, табиғаттың байлығын дұрыс игеру. Осы дәстүрді ескере отырып «Рух тауы» кітабын еркін түрде құлшылық кітабы деп атауымызға болады. Шығарманың негізгі мақамы біріншіден, ол табиғат пен адамның ортақ үйлесімділігін табу болса, екіншіден, қоғам мен адамның үйлесімділігі. Мәдени революция кезіндегі жаппай адамдарды өлтіруден кейін автор тобырдың алдында жүруге қорқатын болды. Ол Қытайдың шалғайда жатқан орман мен тауларында жалғыздықты жөн көріп қалады. Жазушының тағдыры ол үйлесімділік дей алмаймыз, сонымен қатар бұл мұқтаждық. Алайда Гао Синцзянь бұны мойындамайды. Оның саяхаты қоғамнан қашу емес, ол байсалдылықты іздеу. Мемлекет ішіндегі бүлік, қоғамдағы зорлық Гао Синцзянның шығармасында айтылады. Осы барысты бейнелей отырып автор кейіпкерін бірнеше тұрғыдан бөліп қарайды, әрқайсысын мен, сен, ол деген есімдіктерге жіктейді. Алма кезек олардың атынан баяндай отырып, Гао Синцзянь барлық жолды бір арнаға әкеледі. Бұл елеусіз көрінетін жағдай кітаптың ішкі сюжетін құрайды.
Гао Синцзянның шығармалары тек Францияға қоныс аударғаннан кейін ғана аударыла бастады, сондықтан Нобель сыйлығына ол Францияның азаматы ретінде ие болды. /4.189页/
Жазушының атақты шығармасының бірі «Жалғыз жанның Бибилиясы» бұл романның құрлысы өте күрделі, әрі оқырманды өзінің құпиялылығымен тартатын туынды.
«Рух тауы» Қытай туралы, қытайдың мәдениеті жөнінде болса, «Жалғыз жанның Бибилиясы» сезімге толы, өзін кінәлі сезінеу сезімі. Бұнда кейіпкерлер құпия болып келеді, көркемділік пен өзіндік қалыптасқан бұл туынды, автордың өзінің айтуынша күрделі роман.
Қытайдан қуылғанан кейін автордың бірде бір туындысы Қытайда басылып шықпады, бірақ Тайвань, Сингапур, Гонконгте оның шығармалары керісінше танымалдылыққа ие болды. Гао Француз азаматтығын 1998 жылы алып, француз тілінде жаза бастады. Алғашқы жылдары француз тілінде жазу өте қиынға соқты, бірақ басқа елде тұрып, мүлдем басқа тілде жазу, оның үстіне сен жазып отырған шығармалар, жарыққа шықпай, өз елінде тыйым салынса, ондай шығармашылықтың болашағы жоқ екенін Гао түсініп, франуз тілінде жазады. Бүгінгі күні Гао Синцзянды Франция халқы құрмет тұтады, оны мақтан етеді, мәртебелі сыйлықтармен марапаттайды, мәселен Франция Үкіметінің өнер орден ковалері атанды (1992), Бельгиядағы француз қауымының жүлдесі (1994) және тағы да басқа да марапаттарға ие болды. Сондай-ақ үлкен жетістікке ол Швецияда қол жеткізді. Геран Малмквист атты шведдік аудармашының арқасында Гао Синцзянның онға жуық қойылымын Стокгольм Патшалық театрында көрсетілді. /1.356页/
Гао Синцзян шығармашылығынан Қытайдың эстетикасын жақсылап тани аламыз. Ұзақ уақыт бойында Қытайдың жабық есік саясатын ұстанып келгенін білеміз, сол себептен өткен ғасырда Қытай Батысқа, біздер үшін құпия ел ретінде болса, жаңа ғасыр басталғалы бұл жағдай өзгеру үстінде, аспан асты елінің тек тілін меңгеріп қана қоймай сонымен қатар мәдениетін де зерттеу қажеттілігі туып отыр.
Гао Синцзянның шығармаларында шығыстың дәстүрін жаңа бағытпен сәйкестендіруде ерекше көзге түсуде. Ол заманауи бағытта жазады, бірақ классикалық әдеби дәстүрді білмей біз оның мәтіндерін түсінбейміз. Өзінің бір сөзінде « Мен құрушымын. Мен үнемі жаңа жол іздеп жүремін, ол мен үшін бір бақыт. Менің жазғаным ешкімдікіне ұқсамайды, маған дейін дәл осындай «Рух тауы» немесе «Жалғыз жанның Бибилиясы» романдарын ешкім жазбаған деп атайды, қытайда туып, ер жетіп, мәдениетін, дәстүрін білетіндігін мақтан етеді, сонымен қатар Гао Синцзянның шығармаларында тек қытайды сипаттайтын мәтіндерді кездестірмейміз, оның жазбаларын оқи отырып ізденуші, құрушы, әрдайым жаңа бағытты іздеуші екенін аңғарамыз, яғни құрылысы бойыншы ерекшеленетін Гао Синцзянның туындылары бүгінде танымал әрі жоғарғы сұранысқа ие оған дәлел ретінде ең танымал шығармасы, Нобел сыйлығын алуына себеп болған «Рух тауы» романы әлемнің 36 тіліне аударылған. /5/
Бұл мәртебелі сыйлықтың Гао Синцзянға берілгені заңды да сонымен қатар күтпеген жағдай болды. Нобель сыйлығын тағайындайтын комитетті, әдебиеті көнеде жатқан, бес мың жылдық тарихы бар, әлемде ең көп халқы бар ұлтқа осы күнге дейін сыйлықтың берілмегендігі алаңдатты, тіпті сол жылдары комитеттің құрамына қытай тілінің маманын кіргізілді. Жаңа ғасырды қытайдың лауреаттарымен ашылуы ешкімді таңқалдырған жоқ. Қытайдың сыртқы істер министірлігі бұл марапаттан ҚХР-на еш пайда жоқ, Гао Синцзянның жетістігін саясаттандырылған деген көзқараспен қарап, ең алғаш қытай жазушыларының ішінен бұндай жетістікке, яғни Нобель сыйлығын 2012 жылы алған Мо Янь деп біледі, дегенменде Қытайлар мойындамаған бұл дарын иесін әлем мойындағанын естен шығармағанымыз жөн. Бірақ Гао Синцзянь өзі 2012 жылы Нобель сыйлығын жеңіп алған қытай жызушысы Мо Янның ешбір туындысын оқымаған. Бұхаралық ақпарат өкілдеріне берген бір сұхбатында Қытайда өткен 50 жылдық ғұмырына қарамастан қазір Қытайға еш қызықпайтынын, қазір әлемде тек экономикалық дағдарыс болып жатқан жоқ, сонымен қатар әдеби дағдарыстың орын алып жатқанын айтады, бұл дамушы ХХІ ғасыр адамның өзімен-өзі оңаша ойлануына мүмкіндік бермейді дейді, сондай-ақ өз сөзінде Қытай қазіргі таңда қатты өзгергенін, оны түсінбейтіндігін айтады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- 曹万生主编,中国人民大学出版社, 中国现代汉语文学史。-756页
- 浓乐主编,中国现当代学(下册)北京: «高等教育出版社»,-1986.-353页
3.王自立主编,中国现当代学(下册)// 北京: «高等教育出版社», - 2006.-180页
4.«Жаңа заман Қытай әдебиеті» «中国现当代文学», Н. Абдурақын. Алматы, «Қазақ университеті». 2013-217页
- 高行健«灵山» 天地图书有限公司网
- 高行健获颁诺贝尔文学奖反应中国文学界有人斥为“荒唐”联合早报网
Әбдірақын Нұрхалық
