БҰҰ-да Мосулдағы босқындар мәселесі талқыланды

/uploads/thumbnail/20170716220436625_small.jpeg

Жақында ұзақ уақыт бойы террористер қоршауында болған Мосул қаласы содырлардан азат етілді. Алайда қаланың жаңдайы тым нашар. Оның қайта қалпына келуіне ұзақ уақыт қажет. Осы орайда содырлар Ирактың Мосул қаласына қайта келе алмайды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары мәлімдеді. Жалпы қаланы  азат ету процесі  барысында 1 млн-нан астам тұрғын зардап шегіп, үйін тастап кеткен.  Олардың 800 мыңнан астамы туған жеріне әлі оралған жоқ. Айта кетейік, жексенбі күні ел Премьер-министрі Хайдер әл-Абади Мосулдың толық азат етілгені туралы ресми түрде мәлімдеді. Сарапшылар болса, қаланы бұрынғы қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл уақыт пен миллиардтаған доллар қажет дейді.
 

Қатысты Мақалалар