Йеменде тырысқақ ауруынан 1600-ден астам адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170716220443466_small.jpg

Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны 300 мыңнан асты. Қауіпті дерттен 1 мың 600-ден астам адам көз жұмған. Мұны Халықаралық Қызыл крест комитеті мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ал өткен айдың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұқпалы аурудың ел аумағында кеңінен таралып бара жатқанын хабарлады. Мамандардың айтуынша, күніне 7 мыңнан астам адам қауіпті дертті жұқтырады екен. Өйткені індетпен күресу үшін дәрі-дәрмек пен мамандар тапшы.  

Айта кетейік, Йеменде тырысқақ ауруының шығуына 2014 жылы басталған Абд-Раббу Хади үкіметі жақтастары мен хусит көтерілісшілері арасындағы соғыс түрткі болды.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Қатысты Мақалалар