Ақсу ауылындағы Ертіс өзенінің Белая саласында тыйым салынған жерде шомылған 34 жастағы ер адам суға батып, қайтыс болды, деп хабарлайды Қамшы ақпарттық агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Павлодар облыстық ТЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ер адамның денесі ЖПҚ мен құтқарушылардың тексерісі кезінде табылды.
- Марқұмның денесін судан алып шығу үшін жедел құтқару жасағының жеке құрамынан алты адам, екі бірлік техника мен бір жүзу құралы жұмылдырылды. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде болған, - деді ТЖД мамандары.