Қазақстан Ресеймен бірлесіп, Байқоңыр нысандарын пайдалануға беріп, табыс таппақ, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Премье-рминистрі Б. Сағынтаев Байқоңыр ғарыш айлағы бойынша Ресей-Қазақстан комиссияаралық отырысанан кейін айтты.
«Біз Ресей тарапымен бірлесе отырып, құр қол қарап отырғымыз келмейді. Нысандары пайдалануға беріп, табыс тапқымыз келеді», - деді ҚР Премьер-министрі журналистерге.
Оның айтуынша, ғарыштық игеруді мақсат тұтқан және ғарыш айлағын салуға қаражат жұмсағысы келмейтін мемлекеттерді Байқоңырға тарту керек.
«Бізге президенттер жаңа тұжырымдама жасауды тапсырды. Ондағы бір пункт - ғарышты игергісі келетін мемлекеттерді Байқоңырға тарту қажет», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
ШолушыҮ Гүлім Жақан