Қостанайда жоғалған сегіз жастағы бала өлі табылды

/uploads/thumbnail/20170716220510445_small.jpg

Қостанайда жоғалған сегіз жастағы Игорь Коцкий өлі табылды, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Полициядағылардың айтуынша, баланың мәйітін құтқарушылар 11 шілдеде сағат 17.00-де Тобыл өзенінің жағасында Корей көпірінің маңынан тапқан. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Облыстық прокуратурадағылар баланың мәйіті табылғанын растап отыр. Олардың болжамына қарағанда, Игорь Коцкий суға батып кеткен.  "10 маусымда суда іздестіру шараларын жүргізген еріктілер тобы облыс прокурорына Facebook арқылы үндеу жасап, шлюзді жабуды сұрады, себебі судың жылдамдығы зор болып, іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Прокуратура бұл істі тындырғаннан кейін еріктілер жұмысқа кірісті, баланың мәйіті табылды", - деп хабарлаған еді прокуратура өкілдері.  Бала 4 шілдеде жоғалған еді. 

Шолушы: Назерке Мұса
 

Қатысты Мақалалар