Сириядағы атыста ресейлік әскери кеңесші қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170716220514021_small.jpg

Ресейдің әскери кеңесші капитаны Николай Афанасов Сиридағы Хама провинциясында болған атыстың салдарынан көз жұмды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Бұл туралы сейсенбіде Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Николай Афанасов Сириялық Араб Республикасында ресейлік әскери кеңесшілер аппаратының құрамында  сириялық құрлықтағы әскер бөлімшелеріне тапсырмаларды орындату қызметін атқарды», - делінген ведомствада.

Ресей Сирияда 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап әскери операция жүргізіп келеді.

Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында сириялық кампания барысында Афанасовпен қосқанда 34 ресейлік әскердің көз жұмғаны айтылған.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Сирияда қаза тапқан ресейліктердің саны одан көп болуы мүмкін.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар