Германия президенті Ресей мен АҚШ-тың Сирия жөніндегі келісімне пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20170716220545582_small.jpg

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің айтуынша, Ресей мен АҚШ-тың Сирия жөніндегі келісімі елдегі қақтығысты ретке келтіруге мүмкіндік береді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Біз кездесу барысында Ресей президенті Путин мен АҚШ президенті Дональд Тармптың келісімінің соңы сириялық қатығыспен аяқталмау керек екенін, керісінше жанжалдардың шешімін табу үшін жасалуы тиіс екенін егжей-тегжей талқылаған болатынбыз»,  - деді Штайнмайер Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу үстінде.

Бұдан бұрын Ресей мен АҚШ президенттері Гамбургтегі екіжақты келісімнің нәтижесінде оңтүстік Сириядағы бітімге келу туралы шешімге қол жеткізген. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы уәкілі Стаффан де Мистура мәлім еткендей, БҰҰ Ресей мен АҚШ-тың бітімге келуін Сирияның оңтүстік батысындағы қақтығыстың шешілуіне бір табан жақындағаны деп түсінді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар