Бакуде мешіт ғимаратын бұзуға атсалысқан шенеунік аяқ астынан көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170716220547208_small.jpg

Тұрғын үй қызметтері басқармасының №43 бөлімінің бастығы Юсиф Ахмедов өзінің кабинетінде қаза тапты. Жергілікті БАҚ деректерінің мәліметінше, Юсиф Ахмедов Ясамаль ауданының тұрғын үй қызметтерінің экс-басшысы Ибрагим Мехтиевпен жақын араласқан, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Minval.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, шенеунік таңғы уақытта өзінің кабинетінде көз жұмған. Өлімінің себебі жайлы ақпарат таралған жоқ.

Имам Гусейн Гаджи Абдуланың айтуынша, Юсиф Ахмедов ағымдағы жылдың басынан бері Гаджи Джавадтағы мешіт ғимаратының бұзылуына ерекше атсалысқан екен.

1 шілде күні президент Ильхам Алиев Гаджи Джавадтағы мешіт ғимаратын заңсыз түрде бұзғандарды жазаға тартқан болатын.

Бұл іске жауапты негізгі тұлға  - Ясамаль ауданының тұрғын үй қызметінің экс-басшысы Ибрагим Мехтиев қызметінен қуылды. 

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар