Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайды баяндап берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
17 шілде күні Шығыс Қазақстан облысындағы күшейтілген желдің салдарынан 5 адам зардап шеккен. «Казгидрометтің мәліметіне сәйкес, сол тәулікте желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрап, жауын-шашын күтілуде деген ақпарат таратылған. Алайда табиғаттың тосын мінезі болжамға бағынбай, желдің екпіні секундына 35 метрді құраған. Зардап шеккен 5 адамның үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі медицина қызметкерлеріне қаралып, үйлеріне жіберілді. Төтенше жағдай Өскемен қаласы және қалаға жақын үш ауданда орын алған. Олардың ішінде Ұлан ауданы мен Глубоковское және жергілікті ауылдары бар»,- деді Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Табиғат құбылысы қайталанған жағдайда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару қызметі республика бойынша жұмыс істейді. ШҚО табиғат салдарынан зардаб шеккендерге әкімшілік тарапынан көмек қарастырылуда.