«Донецк халық республикасының» басшысы Александр Захарченко Украинаның өмірі тоқтап, орнына жаңа мемлекет – кіші Ресей құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Би-би-си орыс жаңалықтар қызметі. Захарченконың айтуынша, мемлекеттің астанасы Донецк болады, ал Киев қарапайым қалаға айналады.
Захарченконың сейсенбі күні жасалған мәлімдемесін ақпараттық агенттіктер кіші Реейдің құрылғанына не себеп болғанын анықтамай жатып хабарлай жөнелді.
«Біздің ойымызша, Украина мемлекетін қалпына келтіру мүмкін емес», - деп жазыпты жергілікті басылымдардың бірі.
«Украинаның мирасқоры болатын» жаңа мемлекеттің құрылғаны жөнінде Захарченко «Қырымнан өзге, Украинаның бұрынғы аймақтарының» атынан мәлімдеді. «Украина деген аттың өзі мемлекеттің беделін түсіреді» деді ол.
Мемлекеттің астанасы 2014 жылдан бері Украина билігіне қарсы күрес жүргізуде қолданылған қарулар бақыланатын Донецк болуы тиіс дегенді де айтты. Ал Киев тарихи-мәдени орталық болып қалады.
Донецк ақпараттық агенттігі кіші Ресейге шын мәнінде Украинаның 19 ауданы кіретінін анықтау үстінде. Мемлекеттік ту ретінде Богдан Хмельницкидің туы ұсынылған екен.
Сондай-ақ, Захарченконың айтуынша, Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикалары Украинадағы «заңды билік» сақталған жалғыз аудандар.
Захарченконың аталмыш мәлімдемесіне Украина президенті Петр Порошенко пікір білдірген.
«Жаңа Ресей» жобасы іске апаған. Украина Донбас пен Қырымда өз егемендігін қалпына келтіреді», деп пікір білдірді Порошенко твиттердегі парақшасына.
Ал Мәскеу Захарченконың мәлімдемесін назардан тыс қалдырмады: бұл минсктік келісімдер тұрғысынан түсініспеушіліктердің туындауына әкеліп соғуы мүмкін, деді Мемлекеттік Дума ТМД істері жөніндегі комитет басшысы Леонид Калашников. Айта кетейік, бұл Ресейдің Донецк басшысының мәлімдемесіне пікір білдірген алғашқы жағдай.
Ал Луганск халық республикасы кіші Ресей жобасына қатысы барын жоққа шығарды. Жергілікті халық кеңесінің басышысы ЛХР-ның Донецкіге ресми делегаттарын жібермегенін айтады.
«Оның үстіне, біз шараның өтуі жайында хабардар емеспіз. Бізбен ешқандай келісім жасалған жоқ», деді Луганск билігінің өкілі.
Пікір қалдыру