Қырғызстанда «Бішкек-Ош» тасжолында орын алған жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды және екеуі жараланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеуде.
Мәліметтерге сүйенсек, апат таңғы сағат 6 шамасында Таш-Кумыр ауданында орын алған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жүк көлігі екі автокөлікті соққан.