Намаз оқы!
Жаттасаңшы құранды.
Дəрет алшы
Қолыңа алшы құманды.
Иə,білем мына заман алдамшы
Тым болмаса қалдырмашы жұмаңды.
Иə,иə,өзгелерге
Көрінесің күмəнді,
Ертең қалай арқалайсың
Бұл жасаған күнəңді.
Рахатпенен тыңдағаннан мың əнді,
Мың есе артық бір оқыған Құранды.
Намаз оқы!
Құран жатта бауырым!
Құр жатқаннан жабысады жауырың.
Фатиханы бірнеше рет оқысаң
Рахат алар алпыс екі тамырың.
Санаң бар ғой
Ахыретті ойлашы,
Намаз оқы!
Шетке ысырып қоймашы.
Бұл алдамшы дүниені қатты ойлап,
Жүректегі Иманыңды жоймашы...
Намаз оқы!
Өз нəпсіңе бой берме!
''Кейін оқим,əлі ерте'' дей көрме!
Жатыр əне ''əлі ерте'' дегендер
Дүниеден ерте өтіп кейі көрде.
Авторы: Парманқұл Сəкен