Ташкент қаласында 3-қараша күні ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Бұл Минск қаласында өткен ТМД мемлекеттерінің тұрақты өкілетті өкілдер кеңесінің отырысында белгілі болды.
Үкімет басшыларының кеңесінің отырысы жылына 2 рет өткізіледі, кезектен тыс отырыс мүше мемлекеттердің ішіндегі кез келген үкіметтің бастамасы ретінде де шақырылуы мүмкін. Айта кететін болсақ, соңғы отырыс 2017 жылдың мамыр айында Қазан қаласында өтті.