Түркияда жер сілкініп, шағын цунами болды

/uploads/thumbnail/20170721074616676_small.jpg

Түркияның оңтүстік-батыс аймағында жер сілкінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, табиғат апаты Бодрум курортты қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде орналасқан және тереңдігі 10 шақырымда болған.

Жер сілкінісі шағын цунами тудырды, оның амплитудасы 25 сантиметрге жуықты құраған. 21 шілдеге қараған түні Мугла провинциясының губернаторы Эсенгюль Дживелектің алдына ала айтқан мәліметтері бойынша, жер сілкінісі салдарынан ірі қирау оқиғалары болмаған екен.

Жерасты дүмпулері Эгей теңізінің жағалауында да болған, бірақ Бодрум және Датчи аудандарында ол анағұрлым қатты байқалыпты. Бодрумда жекелеген ескі ғимараттардың қабырғаларында жарықтар пайда болып, электр жарығы сөнген. Көптеген қалалар мен елді мекендер тұрғындары көшеге жүгіріп шығыпты. Ал билік өкілдері жер сілкінісінің қайталануы қаупімен тұрғындарға әзірге үйлеріне оралмауға кеңес берген. Оқиға орнына құтқарушылар жетуде, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 



Қатысты Мақалалар