АҚШ-тың Тынық мұхиты флотының командирі Скотт Свифт АҚШ президенті Дональд Трамп бұйрық берсе Қытайға ядролы соққы жасайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Свифт АҚШ пен Австралияның бірлескен әскери оқуларынан кейін конференцияда сөз сөйледі. Ғалымдардың бірі одан «Дональд Трамп ендігі аптада Қытайға ядролы соққы жасауға бұйрық берсе орындайсың ба?» деген сұрағына ойланбастан «иә» деп жауап берді.
Адмирал әр американдық сарбаз бас қолбасшыға серт бергенін де атап өтті. Вашингтон мен Пекин қарым-қатынасы қиын сәттерді бастан өткеруде. Өткен аптада Қытай тарапы бірнеше айдың ішінде үшінші мәрте американдық ВМС ұшағын Оңтүстік Қытай теңізінен ұшып бара жатқан жерінен ұстаған. Шілде айының басында Пекин Вашингтонды американдық эсминецтің Қытай өздерінікі деп есептейтін Сиша аралындағы акваторияға кіру арқылы халықаралық құқықты бұзды деп айыптады.
Елдің СІМ Вашингтонды екі жақты қарым-қатынасқа теріс әсерін беретін арандатушылық әрекетті тоқтатуға шақырды.
Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі Қытаймен бизнес бастамаларды көтеріп жүрген кішігірім Қытай банктеріне және т.б ұйымдарына қарсы санкция ұйымдастырып жатыр.
Шектеу шаралары ендігі аптада қабылдануы мүмкін және ол Пхеньянның ядролы және зымыран бағдарламасымен байланысы бар қаржы институттарын да зардабын тигізуі мүмкін.
Пікір қалдыру