Ақпаратты жылдам әрі сапалу алу барысында Google іздеу жүйесі көп қолданысқа ие екені белгілі. Аталған іздеу жүйесі аздаған өзгертулер енгізбек. Instant технологиясынан бас тартып, ақпаратты барлық құрылғыдан жылдам алуға жағдай жасамақ, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.
«Біз Google іздеу жүйесін 2010 жылы керек ақпаратты барынша жылдам алу мақсатында іске қостық. Іздеу жүйесіне керек деректің алғашқы әріптерін енгізген сәтте ұқсас материалдар ұсынылады. Іздеу жүйесі іске қосылған уақыттан бері мобильді құрылғылардан суреттерді жүктеу мен ақпарат алмасуда әртүрлі шектеулер кездесті. Соның бәрін ескере келе, Google іздеу жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер бойынша барлық құрылғыларда жылдам ақпарат алуға мүмкіндік жасалады» деп мәлімдеді компания басшысы.
Пікір қалдыру