АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

/uploads/thumbnail/20170729132337841_small.jpg

АҚШ қаржы министрлігі зымыран бағдарламасына жауап ретінде Иранға жаңа санкциялар енгізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шекетулер Иранның баллистикалық зымыран өндіруде орталық рөл атқарған Shahid Hemmat Industrial Group компаниясының алты филиалына енгізілді. Олардың АҚШ-тағы  қаржылық активтері бұғатталды, сондай-ақ америкалық азаматтардың аталмыш компаниямен қандай да бір келісімге келуіне тыйым салынды.

Қаржы министрі Стивен Мнучин бұл санкциялардың енгізілуі Иранның 27 шілде күні ғарыштық зымыранды ұшыруы мен Сауд Арабиясына атқылағанына жауап екенін мәлім етті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар