Трамп президент әкімшілігіне жаңа басшы тағайындады

/uploads/thumbnail/20170729130618087_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні президент әкімшілігінің басшысы етіп ішкі қауіпсіздік министрі Джон Келлидің тағайындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Өзінің шешімі жайында Твиттердегі парақшасына жазған Трамп атқарушы билік жүйесіндегі адамдардың қызметтерін ауыстырудың себебін түсіндірген жоқ. Президенттің бұл шешімі Конгерстегі «Қолжетімді денсаулық сақтау туралы заңды» кері қайтарып алуға тырысқан әрекеті сәтсіз аяқатлған соң қабылданған. Аталмыш заңды кері қайтару президент пен оның әкімшілігі үшін маңызды болған.  

Республикалық партия ұлттық комитетінің төрағасы қызметін атқарған Рейнс Прибус Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясына толық қолдау көрсетілуін қамтамасыз еткен еді. Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, соңғы кездері Ақ үйде Прибустың позициясы әлсіреп, ол маңызды шешімдер қабылдаудан шет қалып келген.

Бұрын Ирактағы халықаралық коалиция күштерін басқарған отставкадағы генерал Джон Келли АҚШ саяси истеблишмент ортасында беделі жоғары. Оның әкімшілікке тағайындауын бақылаушылар құптап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар