Дәурен Абаев румындық телеарнаға сұхбат берді

/uploads/thumbnail/20170729134308941_small.jpg

ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев румын арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«ҚР ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев румындық  телеарнаға сұхбат берді. «TVR1» қоғамдық румын телевидениесі Қазақстан мен Румынияның ынтымақтастығына 25 жыл толуына байланысты деректі фильм дайындау үстінде (Дипломатиялық қарым-қатынас жөнінде хаттамаға 1992 жылдың 15 шілдесінде Алматы қаласында қол қойылды)», - деп хабарлады ҚР ақпарат және байланыс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Аталмыш фильмді румындық телеарнадан көрсететін болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында министрліктің ресми сайтында жарияланады.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар