Түркия билігі бір аптаның ішінде Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деген күдікпен бірнеше адамды тұтқындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтерге сілтеме жасап. Олар Түркияда төңкеріс жасамақ болған деп айыпталып отыр.
Құқық қорғау органдары бір аптаның ішінде елде 213 адамды ұстады.
«Олар Түркияда тыйым салынған Күрдістанның жұмысшылар партиясына қатысы бар деген күдікпен ұсталды» делінген министрліктің мәлімдемесінде.
Тағы 46 адам ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталды.
Пікір қалдыру