Барселонада бетперде киген адамдар туристер мінген автобусқа шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170731162423878_small.jpg

Барселонада бетперде киген  4 белгісіз ер адам туристер мінген автобусқа шабуыл жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail мәліметіне сүйеніп.

Басылымның мәліметіне сүйенсек, қарақшылар автобус Камп Ноу стадионына тоқтаған кезде шабуыл жасаған.

«Бетперде киген адамдар автобусты қоршап алды. Біз сол сәтте айғайға бастық. Автобустың ішінде отырып пышақ пен суық қару ұстаған қарақшылардың кіріп келетініне сенімді болдық. Олардың тек граффити салып кеткені адамды қуантады. Алайда сол сәтте біздің бойымызды алапат үрей биледі» дейді автобуста болған туристердің бірі.

Шабуыл жасағандар автобустың әйнегін ойып, «Туризм аудандарды бүлдіреді» деп жазып кеткен.

Мәліметтер бойынша, шабуыл жасағандар Испанияның «ойын-сауық саябағына» айналуына қарсы тұрғындар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар