Ху Жинтао(Орысша: Ху Цзиньтао, Қытай: 胡锦涛) – 2003-2012 ж.ж. Қытай Президенті.
Кешелі бері Қытай компартиясының кезекті XVIII құрылтайы өтуде.
Қытайдың билікті өткізіп беру тәсілі:
2268 партия өкілі қатысқан Қытай Коммунистік Партиясының XVIII кезекті құрылтайында 70 жастағы Ху мырза жылы орнын 59 жастағы Ши Жинпиң(Си Цзиньпин, 习近平) мырзаға берді. Осылайша 5-інші ұрпақ Қытай басшылығы дүниеге келді. Ши Жинпиң мырза осы жолы 9-ыншы реткі Партия басшысы болып сайланды. енді көп ұзамай, келесі жылы болатын Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайы кезінде Мемлекет төрағасы атанады деген сөз. Бұдан бұрын Мау Зыдұң, Дың Шиайпиң, Жиаң Зымин, Ху Жинтао мырзалар бастаған 4 ұрпақ Қытай билігі осылай ауысқанын білеміз.
Ху мырза 2002 жылдан бастап Қытай Компартиясының бас хатшысы,
2003 жылы Науырздың 15 нен бастақ ҚХР төрағасы,
2004 жылдан бастап Қытай Компартиясы әскери істер көмитетінің төрағасы,
2005 жылдан бастап ҚХР Әскери Істер Комитетінің Төрағсы,
1992 жылдан бастап ҚХР Компартиясы Орталық Комитеті саяси бюросының тұрақты мүшесі болып жұмыс істеген.
Бұл партияның сосын мемлекеттің билігін беретін сатылы байланыс. Ендеше келесі Ши Жинпиң мырзада дәл осылай билікке ие болып, дәл осылай билікті өткізіп береді деген сөз. Тағы бір айта кетерлігі келесі мұрагер кем дегенде 5 жыл бұрын белгіленіп, тәрбиеленеді және сыннан өтеді.
Ху Жинтао мырза Қытайға не берді?
Ху мырза Шин Хуа(Цинь Хуа) университетінен су істері инженері мамандығын алған. Кейін батыс өлкелерде атап айтқанда, Гансу, Тибетте маңызды қызметтерде болды. Тибетте жұмыс істеп жүргенде Қытайға қарсы күреске жиі баратын Тибеттіктермен аяусыз күресті. Міне осы кезде Қытай Компартиясының көзіне түскен жас Ху мырза бірден орталық комитетке шақырылып, биліктің баспалдағынан өрлеуге мүмкіндік алды.
Ұстазы Жиаң Зымин(1993-2003жж ҚХР төрағасы болды) мырза ілгерінді-кейінді сыннан өткізе отырып билікті қолына ұстатты. Жалпы 10 жыл шамасында басшылық жүргізген Ху мырза Қытай үшін не істеп бере алды?
Бірінші, Ху Жинтао мырза ұстазы Жиаң Зымын көрсеткен бағыттан ауытқымай жұмыс істеді. Жиаң Зымыин қалыптастырған саяси және экономикалық бағытты дамытты. 2002-2009 жылдарға дейін Қытай экономикасының дамуы жойқын жылдамдықта болғаны бәрімізге белгілі. Бұның себебін Қытайдың шетел инвесторлерін көптеп тартумен қатар оларға қарата жасаған жеңілдіктерін де айтуға болады. Тағы бір айта кетерлік мықты саясаты: Жергілікті жағдайға сай топтасқан өндіріс ошағын ашуы мен салықты жеңілдету, мемлекеттік қолдау саясаты. Міне осылайша ырықты экономика оңтүстік Қытайды орнынан тұрғызып, әр ауыл- қыстаққа дейін, тіпті әр жеке отбасына дейін кәсіпорын, цех ашуға мүмкіндік берді. Бұл әрине, Жиаң Зымин мырзаның бастаған жұмысы болатын.
Екінші, осы кезеңде Қытайды саяси жақтан барынша тұрақты ұстауға тырысты. Жалпы ҚХР төрағасы саяси жақта шешімді ҚХР орталық комитетінің 9 тұрақты мүшесімен келісе отырып қабылдайтынын айта кеткен жөн. Атап айтқанда Немістер мен Түріктердің қолданып отырған Парламенттік басқару түзіміне ұқсап қалатын Қытайлық басқару әдісі жеке адамдардың баса билік айтуын шектейді. Сол үшінде Қытай саяси жақтан тұрақты болды.
Үшінші, Парақорлық деңгейінің көбеюімен қатар басшылықтағы шіріктесудің күшейгенін айтуға болады. Бұған мысал ретінде Қытай Премер министірі Вен Жиабау мырза әулетінің 2,7 миллиард АҚШ доллары байлығы барлығы туралы ақпараттың Қытай қоғамын дүрліктіруін айтуға болады. Тағы бір дәйек ретінде Мау идеясын үгіттеп, жемқорлыққа қарсы жемісті жұмыс істеген Бо Шилай(орталыққа төте қарасты, 32 миллион халқы бар Чұң Чиң қаласының әкімі) мырзаның қызыметтен аластатылуы да соның айғағы. Қытай қоғамында үлкен дау тудырған бұл мәселе әлі де шинелісті жағдайда. Оның үстіне шет елдегі 35 миллионнан астам Қытай диаспрасы түрлі ақпарат құралдары арқылы бұндай келеңсіздіктрді ашық айтуда.
Төртініші, әсіре Қытайшылдық немесе Қытайдан басқа ұлттарға түскен қысым. Соңғы 5 жылда Қытайдағы барлық білім саласы Қытай тіліне өтті. Осылайша 5 автономиялы өлкенің ұлттық мектептері де жабылып, Қытай мектептерімен біріктірілді және ресми Қытай тілінде сабақ беруге көшті. Міне бұл қытайландыру саясатының тағы бір өреге көтерілгені деп айтуға болады. Тіпті аз ұлттар қоныстанған аудан-аймақтар оңтүстік Қытайдың дамыған өлкелеріне «Сүйемелдеуге берілді». Мысалы Гуаң Доң провинциясы Баркөл ауданын, Жиаңсу провинциясы Мұңғұлкүре ауданын сүйемелдеуге алды. Ал олар іс жүзінде өз жас кадырларын осы аймақтарға жұмысқа орналастырып қана қоймай, әр ауылға 20-30 отбасына дейін көшіріп әкеліп қоныстандырды, тіпті сол көшіп келген Қытай отбасыларын жергілікті әкімшілік үй-жаймен қамдап, отын-суына дейін тасып беріп отырғанын өз көзімізбен көріп отырмыз.
Бесінші, соңғы 2 жылда Қытай экономикасының аяғына қан түсті. Осы 2012 жылдың басының өзінде Қытайдың оңтүстік аймақтарында 10 мыңдаған компаниялар жұмысын тоқтатты. Азық-түлік бағасы қымбаттап, халық наразылығы асқынды.
Алтыншы, Қытай рухани қажетін ақша мен биліктен іздей бастау келесі басшыға үлкен салмақ болмақ. «Дінсіздікті» негіз еткен Қытайлықтар көптеген рухани құндылықтарынан айырылды. Әсіресе тамақ тауып жеудің қамындағы қытайлар енді обал-сауапты қайырып қоятын түрі бар. Осылайша азғындаған ұрпақпен тек Қытай ғана емес әлем болып күресетін уақыт алыс емес. Оның үстіне «Жоспарлы туыттың» жалғыз балалары басқаларды адам санамауы да мүмкін. Оны Қазақ еліндегі Қытай кәсіпкерлеріненде көріп жүрміз. Тіпті кейбір Қытайлықтар өз елінде қатыгездіктің өршігенін, өмір сүрудің қиындап кеткенін айтып, 10-20 мың АҚШ доллары болсада Қазақстан азаматтығын сатып алғысы келгенін айтып жүр... Иләйім, қазақ шенеуніктеріне Құдай нысап берсін дейік.
Қытай Коммунистік Партиясына жаңа басшы сайлануы аспан асты елінде жаңа реформаның басталатынынан дерек береді. Бұл сөзді құрылтай кезінде Ху Жинтао мырзада айтты. Кезекті реформаның дауылы қатты болатыны белгілі.
Ендеше, қазақтарға «қара қытай қаптаса орыс әкеңдей көрінеді» деген мақалды айта бергеннен гөрі, «Сақтансаң сақтаймын» деген Алла тағаланың уәдесін естеріңізге алыңыздар деп кеңес береміз. Алла бәрімізге жақсылық берсін.
Пікір қалдыру