2012 жылдың 8 қарашасында Алматы халықаралық әуежайы, «Жетісу» кеден бекетінде Алматы кеденшілері жедел – оперативті іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында 1983 жығы ҚР азаматы құрықталды. «Алматы - Новосибирск» әуерейсі бағытында шекара асып кетпек болған азаматқа тексеру амалдарын жүргізу барысында, оның тік ішегінен 8 түрлі – түсті қағаздарға оралған үнтақ тәріздес зат табылса, ал оның 25 – і асқазанынан табылған.
Сараптамалық тексерістің қорытындысы бойынша жалпы салмағы 174,95 грамды құрайтын «героин» есірткісі екендігі анықталды.
2012 жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы 1983 жылғы ҚР азаматынан тәркіленген аса ірі көлемдегі «героин» есірткі затына қатысты ҚР ҚК – нің 24 – бабының, 3, 250– бөлімі, 4 - тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Алматы қаласы бойынша КБД Баспасөз қызметі
Пікір қалдыру