Қараша айының басында Үрімші қаласында Қазақ шипагерлік-дәрігерлік қоғамы деген атпен қазақ емшілігіне арналған ресми орган жұмысын бастады және аталған бірлестіктің құрылу салты мен 1-ші кезекті құрылтайы болып өтті. Аталған орталықтың құрылуына ресми Қытай билігі тікелей қол үшін беріп отыр. Қазақ шипагерлік-дәрігерлік қоғамының басты қызметі қазақ емшілігін зерттеу және дамыту, сондай-ақ, қазақ емшілігінде қолданылатын дәрілік өсімдіктерді заманауи медицинамен бірлестіре отырып ұлттық медицинаны жандандыру болып отыр. Осы уақытқа дейін 40-қа жуық қазақ емшілігі дәрісі Шыңжаңдағы дәріханаларда қолданымға түссе, 4 түрлі дәрі мемлекеттік өлемнен өтіп, бүкіл қытайлық дәрі рыногына шықты. "Қамшы" сілтейді
Пікір қалдыру