Менің Қытай қазақтарының латынша жазуының жалпыласуына белсене араласқан, 1982-жылдан соң төте жазуға қайтуына наразы болған, ол ойымды Бейжіндегі премьер-минстр Ли Фыңға дейін жеткізген, латынша қазақ жазуы жайлы жаңа жоба ұсынып, бұл жазудың артықшылығы жайлы талай мақала жариялаған қаламгер ретінде, мына бір аса маңызды тарихи сәтке қатысты ағайынға айтарым бар.
Сауаттыларға құлақ асайық
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың сәуір айында «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен "Қазақстан-2050" Стратегиясында "2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін" мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025-жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек», - деп Үкіметке тапсырма берген екен. Енді о не бұ пікірлерді білдіріп, «еркелеуге» болар, бірақ «бұлғақтауға» жол жоқ. Өйткені бұл, Нұрекеңнің әмірі ғана емес, заманның да бұйрығы!
Иә, содан бері бұл туралы талқы қызды. Жыл аяғына шейін жазу жобасы бекуге тиісті болғасын, сөздің көбі соған бұрылуда. Әркім өз білегенінше пікір қатыстыруда. Меніңше бұл жайшылықтағы сайлау емес, қызықта, ермекте, ойын даемес, ұлт тағдырыныңталабы, ұлт болашағы мен заман талабына тірелетін, өте нәзік те күрделі ғылыми тақырып. Сондықтан мұны «қасапшы союы», сауаттылар шешуі, өз біліктілері қатысуы, соларға ғана құлақ түру қатты қажет.
Сауаттылар дегеннен еске оралады. Білім экономиксы дәуірінде тұрғандығымыздан, сауаттылықтың талабы да жоғарылап кетті. БҰҰ жаңа анықтамасы бойынша, жаңа заманның сауатсыздары мына үш түрлі:
1.Жазу танымайтында – дәстүрлі мағынадағы сауатсыздар;
2.Заманауи қоғамдық таңбаларды (карта, т.б.) танымайтын, айыра білмейтіндер;
3.Комьпютер арқылы үйрене, басқара, ауыс-түйіс жасай алмайтындар – функционалдық сауатсыздар – негізгі білімі болғанымен, бүгінгі информация таралымы қатты дамыған қоғамдық өмірде талай қиыншылығы барлар (шет тіл білмейтіндер, комьпютермен жұмыс істей алмайтындар, т.б.).
Демек, көңілдеріне келмесін, соңғы шарт бойынша, кей лингвистер де, кей ақын-жазушылар да, тіпті талай қайраткерлер де жаңа заманның функционалдық сауатсыздарына жатады. Сондықтан олардың пікіріне құлақ аспау, ассада аса сақтықпен құлақ түру керек.
Осыдан туындайтын өзбіліктілерідегенімдееңкеміндемынатөртшарттыбірдей дайындағандарболуыкерек:
2. Бүгінгіғылымментехникалықдамуданхабардар, әсіресе, компьютерарқылы төтежазуменде, криллицаменде,латыншамендежазыпкөрген, тәжірибежинақтаған, сондықтан даолардысалыстыраалатындар.
Жуықта біреудің «Қытайлар мен жапондар сықылды шығыс халықтары латыншаға көшпей-ақ дамыды-ғой» дегенін оқып жымидым. Білмей сөйлегеніне бола ұялдым да.
Қытайдағы әйгілі жазушы Лу Шүн бастаған хән зиялылары өткен ғасырдың алғы жарымында-ақ, компьютер дүниеге келмей тұрып-ақ хәнзі (қытайша) жазуды тастап, латыншаға көшу жайлы көп пікір көтерген. Бірақ, бұл талпыныс өзге талай артықшылығы бар хән жазуындағы зор да көп қиыншылықтар салдарынан (омофондарының тым көптігі сықылды талай себептен) іске аспады. Аяғы, өткен ғасырдың соңғы жарымында, заман талабының қыстауымен, ұзақ және ұлт қамын ойлаған жіткөз басшылар мен ғалымдардың құлшынуымен латыншаға жартылай көшті. Компьютер тілтақтасындағы 26 таңбаны сол бетінше қозғамай, оған өзгені де қоспай қабылдап, хәнзіні (көп сызықты шақпақ, мыңдаған хән әріптерін) компьютермен жазуға көмектесетін, ағылшынның сол 26 әріпін негіз еткен пиңиңзыму дегенді жасады. Пиңиңзыму - қытайшаны компьютермен тез жазуға ғана емес, бір миллиард 400 миллиондай халықтағы әлде неше диалектіні жойып, хән тілін бірлікке келтіруге де ес қатты. Қазір қытай тілін игеру үшін, алдымен, сол пиңиңзымуды (ағылшынның 26 әріпін) игеру, сосын әр хәнзінің сол 26 әріппен оқылуын игеру керек.
Біздің тіліміздің қытай тіліндей қиыншылықтары да жоқ, ағылшын тілінен кем де емес, ендеше латыншаға еш қобалжымай дереу көшу керек. Менің латынша жазу жайлы өзге пікірдегі талай бауырым дүниедегі бұл өзгерістерден әлі де бейхабар секілді.
Қазақ жазуы ағылшыншамен теңелсін
Қазақтың латынша жаңа жазуы криллицадан озып, терезесін ағылшыншамен теңеуі керек. Бұған мүмкіндігі зор. Сондықтан ендігі айларда жазу жобасына қоятын басты ұстанымды баса ақылдасу керек. Меніңше, бұлпринципмыналарды да ескеруі тиіс:
4. Диакритикалық таңбаларға – пернетақтададайынтұрмаған, сондықтан оны өзгертетінтаңбаларға (төбесіне «бөрік», табанына «таға» қойылған әріптерге) сүйенугетыйымсалу (олқолмен жазғанда тіптібөгейді).
5. Қосәріптермендәйекшелердінеғұрлымқазақшадасирекістетілетінтаңбаларға қолдану (мысалы, Чүшін CH, Ф үшін Ph).
6. Артқа, латынша жазуды бұрын ұстанған (түрік, т.б.) ұлттарға еліктемеу, олардікінен де заманауи жоба жасау.
Демек қазаққа замана сұранысына лайық интернеттік жоба ең тиімді! Бұл жоба компьютер пернетақтасындағы дайын тұрған 26 әріпті пайдаланады. Ал қазақ тіліндегі жіңішке дауысты әріптер өзіне таяуға ілмекше (ол да пернетақтада дайын) қою арқылы, дауыссыздары қос әріппен беріледі.
Пікір қалдыру