Астанаға 50-ден астам өңірлік кәсіпорын өз өнімдерін әкеледі

/uploads/thumbnail/20170805103736575_small.jpg

5–6 тамыз "Қазақстан" спорт сарайы маңындағы тұрақта Атырау мен Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сөрелерге 100-ден астам атаулы 670 тонна өнім қойылады. Оның ішінде еттің барлық түрлері - 33 тонна, сүт өнімдері - 90 тонна, шұжық өнімдері мен жартылай фабрикат ет - 59 тонна, жарма мен макарон өнімдері - 72 тонна, картоп пен көкөністер - 55 тонна, нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдер - 70 тонна, ұн - 93 тонна және тағы басқа. 

Айта кетейік, жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы базармен салыстырғанда 10–15% арзан болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар