Қатты ыстықтың салдарынан Еуропаның 10 шақты елінде қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.
Деректерге сәйкес, қазіргі уақытта экстремалды ауа-райы Италия, Черногория, Босния мен Герцеговина, Хорватия, Сербия, Венгрия, Румыния, Польша, Швейцария және Словения елдерінде тіркелді.
Ал Испания, Франция, Греция, Македония мен Болгария билігі қауіптің сары деңгейіне шықты. Аталған елдердің кейбір аудандарында термометр 40 градус ыстықты көрсеткен.
Guardin басылымының мәліметінше, Румыния мен Польша елдерінде қатты ыстықтың салдарынан екі адам көз жұмып, он шақты адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Аптап ыстық сәрсенбіге дейін жалғасады деген болжам бар.
Пікір қалдыру